Quantcast
Channel: Мұғалімдер сайты
Viewing all 224 articles
Browse latest View live

Спорт туралы тарихи мағлұмат және оның түрлері

$
0
0

Тақырыбы: Спорт туралы тарихи мағлұмат және оның түрлері

1. Спорттық   ойындардың шығу  тарихы.

  1. Спорт мекелерінің шығу тарихы
  2.  Денешынықтыру мәдениетінің қалыптасуы

Біздің  елде  спорт пен  денешынықтыру мәдениетінің  берік  және  ертедегі  дәстүрлері  кеңінен  қамтылған. Денешынықтыру  мәдениеті  өзіндік ұлттық  тарихи  дамудағы барлық  жолдарын  жоғалтпады. Жарыстар  мен  әртүрлі  ойындар, денешынықтыру  жаттығуларының  ұлттық  түрлерінің  өсуі  мен  сақталуын  және  олардың жаңаша  туылуына, ұлттық  жаңа  түрдегі мәдениетінің сақтаушысы  халық  болды. Мерекелерде  дене  шынықтыру  мәдениетінің  ұлттық  түрі  айқын  көрініп  отырды.

Біздің  отанымыздың  түкпір-түкпіріндегі ұлттық  мерекелер  бұл  тек  ойын-сауық  ретінде емес  ол  әрине  спорт жарыстары  ретінде  мерекеленеді.

Әрбір  халық  өздерінің  ұлттық мәдениетіне      спорт  қазынасын ең жақын  жағынан  ендірді. Жарыстарды  ойындарды  және  дәстүрлі  спорт  мерекелерін,   жаңаша  толтыру мен  ұлттық  спорттық   ойын-сауықтардың  түрлерін  тапсырылуын  советтік  спорт мәдениеті   жоғары көрсетті.

Мысалы, аса  айшықталған  якуттардың  «испах»  деп  аталатын  көктемгі  мерекесінде  ұлттық  дәстүр  колоритін  сақтай  отырып  спортты  ұлттық  мерекеге  айналыдып, музыка  мен  поэзияларын  ұштастыра  отырып  өзіндік  сәнді  киімдермен  біріктірілген  спорт  ұлттық  түрлерін  жастар- өздерінің  ойнау  шеберліктерінде демонстрациялап  жеңіл  атлетика бойынша, гинастика бойынша, күреспен  командалық  ойындар жарыстары  бойынша айшықтай  көрсетеді.

Осылай  денешынықтыру  мәдениеті сен  спорттық  жарқын  көрінісі   қазіргі  кезге  дейін  мерекеленіп  отыратын  болды. Бүкілодақтың   физкултурашыларға  арнау  және спартакияда мен  физкултурашылар парадына  айналып  аталып  келеді.

Осы  аталған  мерекелерді  Овет  Одағының  жастарының  советтік  спорттағы  барлық   көптүрлілігін   және  спорттық   үлкен  жетістіктерін  көрсетеді. Спорттық  оқиға  және  салтанатты   мерекелер ол  жалпы  ұлттық. Дене  шынықтыру  мерекелерін әсіресе  село  тұрғындары  «Егін  өнімі  күнінде», «Бірінші  бау  күндерінде»  және  т.б.  мерекелерде атап  өтіп   жатады. Спорттық  кеште  жарыстармен  жаңа   ұжымдар  ашылуында, өз  жұмысын  орындаған  завоттар, фабрикалар,  ұжымның   мерейтойларында  дәстүрлі  турнирлермен мерекелеп  отырады. Тарихта  бізге  естелік   болып  отырған бірінше  мереке ол  25  май  1919 жыл Всевобуг  отряды  парадын  құрады. олар  тарихи  қызыл  алаңды  толтырды. Парадты  ұлы  Ленин  қабылдады. Владимир  Ильич  алаңдғаы парадшыларды  сәлемдесіп  құттықтады.

Ол  пролетарлар мен  революцияны  жеңу  жолындағы  қолында  винтовка  ұстаған   парадшыларға  көңіл  бөлді. Всевобуг  физкултурашылары  меркесі  азамат   соғысы отына  туылғандар  үшін айбарлы  және  бұлдыр еді.  Көптеген  қатысушылар  дәл  Қызыл  алаңнан  азамат  соғысы   майданына  аттанып жатты. Бұл  мереке  өзінің  спорттық  мерекесінің жаңа  қалпын  физкултурашылар  парадын  және олардың  жоғары  азаматтығын, ұлтщылдығы мен  пролетарлық  өнерінің  байланысы принціптерін  көсете  білді.

1942 ж 4000  физкултурашылар кәсіподақ  ұжымымен Москвада  өз  парадын  құрды, ал 1972 ж  бірінші жалпымосквалық  физкултурашы  парады  онда 18 000 – ға  жуық адам  қатысты.

1928 жылы елге  үлкен  салмақ  туды,  ол  халықтың  жоспарды  қайта  құруға  көшуі  социолизм  науқанын   жаңарту  еді. Кеңестік  ел   бірінші  бесжылдықты  тұрғызу  жолында ерен  қимылдады. 

12-24 тамыз  1928 ж. Москвадағы  жаңа  стадион «Динамо» да  Бүкіл  Одақтық  спартакияда – халық  шаруашылығы  дамуы жоспарының   бірінші  бесжылдығында  қабылдауға  арналған болатын. Спартакияда  Қызыл  алаңда  парад   құрды, олар 30 000 москвалық физкултурашылар мен  туыс республикалардың  спортсмендерінен  тұрды. Спартакияда  кезінде – су  спортынан  мерекелік  карнавал  ұсынылды, ал  Москва  өзеніде «Бүкіл  әлемдік  октябрь»  атты  үлкен  инсенировканы  орындады.

Бұл  инсенировкада  неше мыңдаған  адамдар  қатысты.

 

2. Денешынықтыру  мерекесін  ұйымдастыру  әдісі.

  1. Спорттық  ойындардың  шығу тарихы.
  2. Денешынықтыру мәдениеті.
  3. Су  бетіндегі мерекелер.

Қазақстан  Республикасында, яғни біздің  елде  спорт пен  денешынықтыру  мәдениетінің  берік  және  ертедегі  дәстүрлері  кеңінен  қамтылған. Денешынықтыру  мәдениетінің  өзіндік ұлттық,  тарихы  дамудағы барлық  амалдарын  жоғалтпады. Жарыстар мен  дәстүрлі  ойындар денешынықтыру мәдениетінің  ұлттық  түрлерінің сақтаушысы, олар  біздер, яғни  халық  болды. Дене шынықтыру  жаттығуларының ұлттық  түрлерінің  өсуімен  сақталуын және  олардың  жаңаша  туылуына  ұлттық  жаңа  түдегі мәдениетінің  сақтаушысы ол  халық  болды. Мерекелерде  денешынықтыру  мәдениетінің  ұлттық түрі  айқын  көрініп  отырды. Біздің де Отанымыздың  түкпір-түкпіріндегі ұлттық  мерекелер тек  ойын-сауық  ретінде  емес, ол  әрине  спорт  жарыстары  ретінде де  мерекеленіп  отырады. Әрбір  халық  өздерінің  ұлттық  мәдениетіне  кеңестік спорт  қазынасын  ең жақсы  жағынан  ендірді. Жарыстарды, ойындарыды және дәстүрлі  спорт  мерекелерін  социалистік  тұрғыда  ұлттық  жаңаша  тұрғыда, спорттық  ойын-сауықтардың  түрлерін  тапсырылуын  кеңестік  спорт  мәдениеті  жоғары  көрсеткіштер  көрсетті. Мерекелерде  ұлттық  дәстүр колориті  ала  отырып, спортты  ұлттық  мерекеге   айналдырып, музыка  мен поэзояларын  ұштастыра  отырып, өзіндік  сәнді  киімдермен біріктірілген   ұлттық  спорт  түрлерін жастар  өздерінің ойнау  шеберліктеріндедемонстрациялап, жеңіл  атлетика  бойынша, гимнастика  бойынша күрес пен  командалық ойындар, жарыстар  бойынша айшықтай  көсетеді. осылай  денешынықтыру  мәдениеті  мен  спорттық  жарқын  көршісі  қазіргі  кезге  дейін  мерекеленіп  отыратын  болды. Бүкілодақтық  физкултурашыларға  арнау  спартакиадамен  физкультурашылар  парадына   айналып, аталып  келеді. Осы   мерекелерде  Кеңес  Одағы   жастарының  кеңестік  спорттағы  барлық  көп  түрлілігін және  спорттық  үлкен  жетістіктерін  көрсетеді. Спорттық  оқиғалар менсалтанатты  мерекелер  ол  жалпы  ұлттық  дене шынықтыру  мерекелерін   әсіресе  ауыл  тұрғындары  өнімі  күнінде, бірінші  бау  күндерінде  және т.б. мерекелерде  атап  өтіп   жатады. Спорттық  кештерде  матчтар, жарыстар  мен  жаңа  ұжымдар ашылуында өз  жұмысын  ерте  аяқтаған завоттарда, фабрикаларда  ұжым  мерейтойларында,  дәстүрлі  турнирлер  мен мерекелер болып отырады.  Тарихта  бізге   естелік   болып  отырған 1-ші  спорт  мерекесі ол 1919 жыл 15- мамырда болған  мереке  еді. Олар  тарихи қызыл  алаңды  құрады. Ол  парадты  ұлы  Ленин қабылдайды. Ленин  үлкен  құметпен бұл  сәлемдемені құрметпен  қабылдады. Ол  пролетарлар  мен  революцаны  жеңу  жолындағы  қолында  вилетова ұстаған  парадшыларға  көңіл бөлді. Бұл  физкультурашылар мерекесі  азамат  соғысы отына туылғандар  үшін айтарлы,  әрі  бұлдыр  еді. Көп  деген  қатысушылар,  дәл  осы  қызыл  алаңнан азамат  соғысы  майданына  аттанып  жатты .1928 жылы  12-24  тамызда  Москвдағы жаңа  стадион димамеда  Бүкілодақтық  спортакияда  халық  шаруашылығы   дамуы жоспарының  бірінші  бес  жылдығын  қабылдауға  арналған  болатын. Спартакиада қызыл  алаңда  парад  құрды. Олар  30 000  москвалық  физкультурашылармен тұрды. Спартакиада  кезінде су  спортынан  мерекелік кеш  өтті. Жастардың нағыз қимылдар  қалпындағы  қызыға  айналысатын  спорт  түрі  - ол су  бетіндегі  мерекелер  болып табылады. Олар: керемет  спорт  түрлеріне  бөлінеді. Мысалы: жүзу, су шанасы, су маторы, суға  секіру  болып  табылады. 1928 жылы  16 – тамызда  бірінші  бүкілодақтық спартакиаданың  ашылу  салтанатына  арналған су  мерекесі   қызықты  өтті. Одан  кейін  екі  жылдан соң, 1930 жылы 11- шілде де партияның  24-ші  сьезінің делегаттарына  жасалынып, имецеировкалары  орталық  мәдениет  және  демалыс  саябақтарында  жойылды.судағы  мерекелер  үлкен   табыстарға  қол  жеткізіп  отырды. Комсомольская  правда  газетіне  1930  жылы 13-шілдеде, 24 партсьез  үшін  керемет  мереке деген  мақалалар  жарияланып  жатты. Содан  бері  көп  деген  арнайы  мерекелер М. Горький  атындағы  орталық  мәдениет  және  демалыс  саябақтары  жанына  орналасуын  су  қоймасында  димамо  су  станциясы  аумағында  өткізіліп  келеді. Студенттер мен  жастардың  4-ші  бүкіләлемдік    фестиваліне  масштаб  бойынша  көркем  деген  су  мерекелері  карнавалы  болды. Судағы  мерекелердің  кеңінен  таралуын  біз  және  көп  адамдар әлі қабылдай   алмай  келеміз. Су  мерекесін  өткізу  орнын белгілеу. Бұл  сұрақта  жауап  іздеу  үшін  ұйымдастырушылар  басты уайымдауды  судан емес, өзінен  ізденеді. Бұл  жағдайда  қауіпсіздікке  көңіл  бөлу  керек.  

 

3. Спорт алаңындағы мерекелер

  1. Спорт мерекелерін ұйымдастыру
  2. Спорт мерекелерінің ерекшелігі

Мерекелерде  дене  шынықтыру  мәдениетінің  ұлттық  түрі  айқын  көрініп  отырдыБіздің  отанымыздың  түкпір-түкпіріндегі ұлттық  мерекелер  бұл  тек  ойын-сауық  ретінде емес  ол  әрине  спорт жарыстары  ретінде  мерекеленеді.Әрбір  халық  өздерінің  ұлттық мәдениетіне  советтік   спорт  қазынасын ең жақын  жағынан  ендірді. Жарыстарды  ойындарды  және  дәстүрлі  спорт  мерекелерін, социалистік, жаңаша  толтыру мен  ұлттық  спорттық   ойын-сауықтардың  түрлерін  тапсырылуын  советтік  спорт мәдениеті   жоғары көрсеттіМысалы, аса  айшықталған  якуттардың  «испах»  деп  аталатын  көктемгі  мерекесінде  ұлттық  дәстүр  колоритін  сақтай  отырып  спортты  ұлттық  мерекеге  айналыдып, музыка  мен  поэзияларын  ұштастыра  отырып  өзіндік  сәнді  киімдермен  біріктірілген  спорт  ұлттық  түрлерін  жастар- өздерінің  ойнау  шеберліктерінде демонстрациялап  жеңіл  атлетика бойынша, гинастика бойынша, күреспен  командалық  ойындар жарыстары  бойынша айшықтай  көрсетеді.

Осылай  денешынықтыру  мәдениеті сен  спорттық  жарқын  көрінісі   қазіргі  кезге  дейін  мерекеленіп  отыратын  болды. Бүкілодақтың   физкултурашыларға  арнау  және спартакияда мен  физкултурашылар парадына  айналып  аталып  келеді. Осы  аталған  мерекелерді  Овет  Одағының  жастарының  советтік  спорттағы  барлық   көптүрлілігін   және  спорттық   үлкен  жетістіктерін  көрсетеді. Спорттық  оқиға  және  салтанатты   мерекелер ол  жалпы  ұлттық. Дене  шынықтыру  мерекелерін әсіресе  село  тұрғындары  «Егін  өнімі  күнінде», «Бірінші  бау  күндерінде»  және  т.б.  мерекелерде атап  өтіп   жатады. Спорттық  кеште  жарыстармен  жаңа   ұжымдар  ашылуында, өз  жұмысын  орындаған  завоттар, фабрикалар,  ұжымның   мерейтойларында  дәстүрлі  турнирлермен мерекелеп  отырады. Тарихта  бізге  естелік   болып  отырған бірінше  мереке ол  25  май  1919 жыл Всевобуг  отряды  парадын  құрады. олар  тарихи  қызыл  алаңды  толтырды. Парадты  ұлы  Ленин  қабылдады. Владимир  Ильич  алаңдғаы парадшыларды  сәлемдесіп  құттықтады.Ол  пролетарлар мен  революцияны  жеңу  жолындағы  қолында  винтовка  ұстаған   парадшыларға  көңіл  бөлді. Всевобуг  физкултурашылары  меркесі  азамат   соғысы отына  туылғандар  үшін айбарлы  және  бұлдыр еді.  Көптеген  қатысушылар  дәл  Қызыл  алаңнан  азамат  соғысы   майданына  аттанып жатты. Бұл  мереке  өзінің  спорттық  мерекесінің жаңа  қалпын  физкултурашылар  парадын  және олардың  жоғары  азаматтығын, ұлтщылдығы мен  пролетарлық  өнерінің  байланысы принціптерін  көсете  білді1942 ж 4000  физкултурашылар кәсіподақ  ұжымымен Москвада  өз  парадын  құрды, ал 1972 ж  бірінші жалпымосквалық  физкултурашы  парады  онда 18 000 – ға  жуық адам  қатысты.1928 жылы елге  үлкен  салмақ  туды,  ол  халықтың  жоспарды  қайта  құруға  көшуі  социолизм  науқанын   жаңарту  еді. Кеңестік  ел   бірінші  бесжылдықты  тұрғызу  жолында ерен  қимылдады.  12-24 тамыз  1928 ж. Москвадағы  жаңа  стадион «Динамо» да  Бүкіл  Одақтық  спартакияда – халық  шаруашылығы  дамуы жоспарының   бірінші  бесжылдығында  қабылдауға  арналған болатын. Спартакияда  Қызыл  алаңда  парад   құрды, олар 30 000 москвалық физкултурашылар мен  туыс республикалардың  спортсмендерінен  тұрды. Спартакияда  кезінде – су  спортынан  мерекелік  карнавал  ұсынылды, ал  Москва  өзеніде «Бүкіл  әлемдік  октябрь»  атты  үлкен  инсенировканы  орындады.

 

4. Су   бетіндегі  қойылымның  көрінісі  

  1. Судағы  корнавал.
  2. Су  бетіндегі  мерекелер

Жастардың  нағыз  қимылдар  қалпындағы қызыға  айналысатын  спорт  түрі су түбіндегі мерекелер  болып  есептеледі. Олар керемет  спорт  түрлеріне  бөлінеді. Мысалы: жүзу, су шанасы, су-маторы,  суға  секіру  желкенді  қайық т.б. 1928 ж. 16  тамызда І бүкілодақтық  спортакиаданың  ашылу  салтанатына  арналған  су  мереке  қызықты  өтті. Одан  кейін  екі  жылдан соң, 1930 жылы 11- шілде де партияның  24-ші  сьезінің делегаттарына  жасалынып, имецеировкалары  орталық  мәдениет  және  демалыс  саябақтарында  жойылды.судағы  мерекелер  үлкен   табыстарға  қол  жеткізіп  отырды. Комсомольская  правда  газетіне  1930  жылы 13-шілдеде, 24 партсьез  үшін  керемет  мереке деген  мақалалар  жарияланып  жатты. Содан  бері  көп  деген  арнайы  мерекелер М. Горький  атындағы  орталық  мәдениет  және  демалыс  саябақтары  жанына  орналасуын  су  қоймасында  димамо  су  станциясы  аумағында  өткізіліп  келеді. Студенттер мен  жастардың  4-ші  бүкіләлемдік    фестиваліне  масштаб  бойынша  көркем  деген  су  мерекелері  карнавалы  болды. Судағы  мерекелердің  кеңінен  таралуын  біз  және  көп  адамдар әлі қабылдай   алмай  келеміз. Су  мерекесін  өткізу  орнын белгілеу. Бұл  сұрақта  жауап  іздеу  үшін  ұйымдастырушылар  басты уайымдауды  судан емес, өзінен  ізденеді. Бұл  жағдайда  қауіпсіздікке  көңіл  бөлу  керек.   Су  мерекесінің  өткізілуге  үлкен  қолайлы оған  эстардалық  жабдықтар сиымды  әрі  лайықты  орындар, демалыс  аумағы жалпы  тамақтандыруды  ұйымдастыру  және медпунктер мен   саниталық  құралдар  қоятын және  прожекторлармен  пиротехникалар мен жабдықтау  керек. Аса  қажеттіліктерге  су  бассейініңнің  тереңдігімен  қайық  жүзе алатындай  аумақ  және мерекеге  қатысушылар  мен  көрермендер қауіпсіздігінне  ерекше  көңіл бөлуді  ұйымдастыру  керек.

Егер  мереке  өзеннің  үлкен  аймағында өткізілсе  су  жағасындағы көпшілік  көрермендерге  көріну  үшін  көрсетілетін  көріністер  мен  спорттық  жоспарлау  сол  тұрғыда  болмақ.

Жылдамдық  қайығының  жарыстарын  (мысалы: катерлер, маторлы қайықтар т.б.  техникалық  жабдықтар) мәреге  дейінгі  арақашықтықты ескере  отырып   бір-бірінен  қашықтықтарын  сақтау керек. Өзеннің әртүрлі  (орындарында) жерінде  су шаңғыларының  серуені, су  оййындары, судағы  секірулер, спорттық  және  көркем  жүзулер, сүңгірушілер жұмыстарының  да немесе қойылымдардың  көрсетілуін  ұйымдастыру. Бағдарлама т.б.  көпшілік  тура  ара-уақыттағы  сақталынған  жүзушілердің  өнерінде  еңгізуге (егер  олардың  қауіпсіздігі  сақталынған жағдайда) болады. Мыңдаған  отау  отын  ұстаған  жүзуші  спортсмендер көз алдыңда – есен  кетпес  көрініс   болар  еді.

Судағы  корнавал.

Судағы  карнавал кешкісін  электор  жарығы немесе  прожектор  жарығында өткізіледі. Бағдарламаның  түзілуі  мерекенің  ойын-ережелердің  шығармашылық  ойлауымен  физкултурашылар  ұйымы,  көркем өнерпаздар  ұжымының  және  цирк  пен  эстрада  жұмысшыларының  көмегі  мен  жасалынады.

 

5. Қазақтың ұлттық  тоғызқүмалақ ойыны

 

1.Тоғызқұмалақ ойынының мәні

2.Тоғызқұмалақ ойынының ерекшелігі

 

Қазақта керемет скі қүдірет бар. Бірі - қос ішекті, тоғыз пернелі үкілі домбыра, екіншісі -тоғыз-тоғыздан симметриялы орналасқан отаулары, қасиетті қүмалақтары бар қос қазаннан түратын тоғызқүмалақ ойыны. Тоғыз саны киелі сан.

Бүл ойынның тарихына зер салсақ, Орта Азияда әсіресе қазақ пен қырғыз халықтарының арасында кеңінен тараған ойын. Ойнаса қызығына қанбайтын, есеп-қисапқа толы мәңгілік сиқырлы өлем, рухани байлығымыздың қайнар көзі, үлтымыздың мақтанышы деп түсінуіміз керек.

Тарихшы және археолог ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, тоғызқүмалаққа үқсас ойынның тақтасы бүдан үш мың жылдай бүрын да қолданылған екен. Оған калах, манкала деп аталатын есеп ойындарының тақтасы дәлел бола алады. Тіпті осы күндерде де жайылымдарда, тау бектерлсрінде тастан ойылып жасалған тоғызқүмалақ тақтасы Қазақстанның түпкір-түпкірлерінде жиі кездеседі. Оған дәлел ретінде Түркістандағы Қарақан батырдың кесенесінің алдында түрған тастан ойылып жасалған тоғызқүмалақ тақтасын айтуға болады.

Ертеде еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін ойнаған қазақ халқының ақыл-ой спорты — тоғызқүмалақ аласапыран заманның әлегінен үмыт бола жаздап, XX ғасырдың жетпісінші жылдарында ғана қайта жанданып, жаңа даму жолына түсті. Енді еліміз егемендік алған соң, ата-бабадан қалған үлттық алтын мүраны қолға алып, шахмат, дойбы секілді олимпиадалық ойындармен теңестіру алдымызда түрған үлкен мақсат деп ойлаймын. Тоғызқүмалақ — бүкіл түркі халықтарының даналығының туындысы ретінде Орта Азиялық, дүниежүзілік спорт ойындарының төрін алуға лайықты алтын қазына. Үкімет тарапынан қаншама қамқорлық жасалып жатса да, өкінішке орай спорт басшыларының селқос кезқарасынан көне ойын әлі де баяу дамып келеді. Сондықтан, ана тілді, үлттық әдет-ғүрыпты, үлттық ойындарды жандандыруды мақсат түтатындықтан, бала тәрбиесінде, оның математикалық қабілетін арттыруда игі өсері бар тоғызқүмалақ ойынын үйренемін деушілерге үйретуден жалықпайық, білмегенінді білгендерден сүраңыздар демекпін. Тоғызқүмалақ — шахмат, дойбы ойындары сияқты адамнан шыдамдылықты, сабырлылықты, терең жөне логикалық ойлауды қажет ететін ақыл-ой спорты. Күрделілігі жағынан тоғызқүмалақ жоғарыда аталған ойындардап кем соқпайды. Мүның басқа есеп ойындарынан ерекшелігі, бүл ете нөтижелі ойын, тең ойын өте сирек кездеседі. Тек көп ойнап жаттыққан адам, ер алуан жаңалықты ойын үстінде тауып, тоғызқүмалақтың қыр-сырын аша алады. Шыдамдылық пен қыруар еңбек, үлттық ойынға деген шексіз махаббат пен ынта-жігер арқылы ғана ата-бабадан мүра болып қалған үлттық енерді асқақтатып, дамьггып, қиындықтарды жеңе білу керек.

Таңғажайып тоғызқүмалақ Еуропа төрінен орын ала бастады

Күздің басында Прага қаласында кезекті рет зияткерлік ойындар олимпиадасы өткізілгенде қазақстандық тоғызқүмалақшылар еуропалық мектеп оқушыларына тоғызқүмалақ сияқты зерде ойынының қыр-сырын да үйретіп, семинар өткізіп қайтқан болатын. Бүл тоғызқүмалақтың Еуропаға алғашқы шығуы емес екен.Тоғызқүмалақ ойыны зияткерлік спорттың ішіндегі ең күрделі түрлерінің бірі, бүл ойынның 4 мың жылдық тарихы бар. Сонау көне замандардан бүгінгі күнге дейін келіп отыр. Алғашқы кезде бүның үш отау, бес отау, жеті отаулық шағын үлгілері болса, бүгінгі күні біз жетілген тоғыз отаулық классикалық ережесімен ойнап жүрміз.

Тоғызқүмалақ ойынын біз Орта Азияда, Ресейде жэне осы Еуропа елдерінде насихаттауды қолға алғанбыз. Сонымен қатар басқа елдерде де қызығушылық бар. Атап айтқанда Америка, Африка елдерінде де. Қазақстандық жэне чехиялық мектеп оқушылары тоғызқұмалақ жарысында, Пардубице, наурыз, 2008 жыл.Жалпы айтқанда біз неге тоғызқұмалақты насихаттап отырмыз, ол ойын ретінде ғана емес, оның танымдық, тағлымдық, терапиялық, спорт, өнер, ғылым ретіндегі маңызы зор. Бұл жасөспірімнің ақыл-ойын шыңдап, ми қызметін жетілдіретін зияткерлік спорттық ойын. Сондықтан мұның тек ұлттық бағытта емес, жалпы элемдік деңгейде де маңызы өте зор, өйткені тоғызқұмалақ сияқты ойындарды ойнаған бала есейе келе өзінің күнделікті нақты жоспарын құрып, дүниеге көзқарасы молайып, жетілген тұлға болып қалыптасады.Сондықтан тоғызқұмалақ ойынын біздің бүгінгі насихаттап отырғанымыздың себебі, қазақ халқының осындай үлы мүрасы бар екенін, зияткерлік өнері бар екенін басқа халықтарға да бір жағынан таныту, сонымен қатар адамзаттық деңгейде де өзіміздің үлесімізді қосу болып табылады.Қазіргі кезде Қазақстанда тоғызқүмалақты насихаттаудың түрлі жолдары көп. Біз жарыстармен қатар семинарлар, конференциялар өткіземіз.Мэселен, 2008 жылдың ақпан айында Алматыда "Тоғызқүмалақты халықаралық деңгейде дамытудың өзекті мэселелері жэне алдағы мінеттері" атты халықаралық конфренция өтті. Оған Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия жэне басқа да бірнеше елдердің ғалымдары келіп баяндамаларын оқыды. Өздері келе алмағандары баяндамаларын жібергендері болды.Ал енді бізде жарыстардың жылдық күнтізбелік жоспары бар. Оны Қазақстан спорт жэне турзим министрлігі мен Тоғызқүмалақ федерациясы бірлесіп жасайды. Бізде жылына 40-қа жуық республикалық жэне халықаралық жарыстар өткізіледі. Сонымен қатар жас ерекшеліктеріне сәйкес үлдар мен қыздар және ерлер мен әйелдер арасындағы жарыстар бар. Сонымен   бірге   жекелей   чемпионаттар,   шапшаң   ойнау   чемпионаттары өткізіледі. Міне осының барлығы бізде тоғызқүмалақ ойынының жүйелі түрде даму жолына түскенін көрсетіп отыр.Сондай-ақ біз өзіміздің тэжірибемізбен бөлісу үшін алыс жэне жақын шетелдерде семинарлар өткіземіз. Өткен жылы тоғыз семинар болса оның бесеуі Қазақстанда өтсе, қалғанын шетелдердегі жергілікті комитеттер өткізді.із өз тарапымыздан Чехияда, Македонияда, Қырғызстанда, Ресейдің таулы Алтай республикасында өткіздік. Жалпы байқағанымыз тоғызқүмалақ ойынына деген қызығушылық өте жоғары.Мэселен Американың Аляска университеті осы тоғызқүмалақтың компьютерлік бағдарламасын жасап шығарды. Ал Колумбияда өткен жылы өздері семинар өткізіп,тоғызқүмалақ ережелерін насихаттап, таратуда.Швейцарияда өткен конференцияда Испания азаматы Виктор Баутисторока баяндама жасап, тоғызқүмалақ тақталарын бірнеше елдердің Швейцарияның, Италияның мүражайларына таратқан Шынында да тоғызқүмалақ ойынын тек спорт, өнер, ғылым ретінде қарастыруға болмайды. Мен қазіргікезде оны бабаларымыздың дүниетанымы ретінде қарастырамын. Өйткені ондай ойындардың дүниежүзінде 400-ге жуық түрі бар, атап айтқанда ол Африка елдерінде, Америкада, Еуропа елдерінде, мынау Азияның бірнеше елдерінде осы тоғызқүмалақ сияқты ойындар бар. Мэселен тоғызқүмалақтың тақтасының өзі Норвегия мен Индонезияда үқсас.Бірақ біз осы үқсастығына бола оны тоғызқүмалақ десек, ол біздің шалағайлылығымыз болады. Сондықтан ол жерде кездесетін тақталардағы ережелерді сараптап, талдағанда ғана оның қандай ойын екенін байқаймыз. Ал осындай ережелер қайдан шығады, ол сол жердегі халықтың дэстүріне, салтына, дүниеге көзқарасына, этнографиясына байланысты, сонымен қатар сол жердегі халықтың бір-бірімен аралас-қүраластығына негізделген. Яғни тоғызқүмалақ ойыны бүл - көшпенділердің дүниетанымы негізінде жасалған.Мэселен "түздық" деген ереже бар, бүл ережені отауға ие болу деп қарастыруа болады, демек екі қүмалақ жатқан үйге үшінші қүмалақты апарып көшірсеңіз, сонда ғана отауға ие боласыз. Ал отауға ие болуды қалай түсіндіруге болады, яғни жастар бірін-бірі үнатып, отау қүрады, бірақ ол үйде үрпақ дүниеге келмесе, онда ол үйден отау шықпайды. Сонымен қатар жүп деген бізде табыс болып есептеледі. Американың "калах" деген ойынында жалғыздық табыс болып есептеледі, кім бірінші бастаса, сол жеңіске жетеді. Ал керісінше бізде "жалғыздың үні" шықпас дейді.Сонымен қатар тоғызқүмалақ ойынында маңдай, атөтпес, тектүрмас, бел, белбасар деген отаулардың аттары бар. Ал енді мысалы бізде үнемі маңдайың ашық болсын, артың жабық болсын дейді, ол жабық болсын деген отаудағы қүмалақтарды жүптан үстап отыруымыз керек, ал маңдайымызды үнемі ашық қалдырып отыруымыз керек. Міне осындай көптеген философиялық үғымдар бар, танымдық көзқарастар бар. Мен тек қана шет жағасын айтып отырмын, болашақта сол 400-ге жуық түрін жеке-жеке зерттесек, үлкен зияткерлік ғылым, этноматематика ғылымы туындайды.Бүны қазір еуропалық ғалымдар зерттеп жүр, ал Орта Азияда, Қазақстанда жалпы алдағы уақытта зерттеледі деп ойлаймын. Қазір соңгы статистика бойынша Қазақстанда тоғызқүмалақпен айналысып жүргендердің саны 36 мың, бүл ресми ғана, ал бірақ менің ойымша бүл 100 мыңнан асады. Жэне 1,5 мыңдай жаттықтырушы бар. Мүның барлығы Қазақстанда тоғызқүмалақ спортының жүйелі даму жолына түскенін байқатады. Бүл ойынды дамыту үшін министрлік тарапынан жылына 10 миллион теңге бөлінеді. Қазақстан тоғызқүмалақ қауымдастығы да бүл салаға қомақты қаржы бөліп отыр.

 

6. Қазіргі кездегі Қазақстандағы спорт

1.                 Спорт жэне дене тәрбиесі.

2.                 Қазақстан спортшылары

3.                 Қазақстандағы спорт базалары

Спорт жэне дене тәрбиесі. Қазақ халқының дене тэрбиесіне, оны шынықтыруға, ептілікке, денсаулықты, көңіл-күйді көтеруге арналған осы кездегі дене тэрбиесі мен спорт нышаны ерте заманда-ақ халық кэдесіне жарағандығын кейбір археол. деректер дэлелдейді. 1970 ж. Оңт. Қазақстан обл-нда б.з.б. 4 — 3 ғ-ларда тоғызқү-малақ тастары табылды. Сол жылы Тараз қ-нан 30 км жерде археологтар тоғызқүмалақ тақтасының тасқа қашап салынған суретін кездестірді. Түрік қағандығы дэуірінде Қазақстан жерінде көптеген қалалар салынып, мәдени орталықтар бой көтерді. Көне Таразда энші-күйшілер, шабандоздар, садақ тартушылар, балуандар, басқа да күш өнерін көрсетушілер бас қосып отырған. 7 ғ-да Орта Азия мен Қазақстан жерін жаулап алған Араб халифаты ислам дінін уағыздаумен қатар, шахмат (шатрандж) ойынының таралуына, оның дамуына айтарлықтай ықпал етті. Сөйтіп, көшпенді деп аталып келген қазақ халқы дене тэрбиесін, оның ішінде спортты дамытуға көңіл бөлгені байқалады. Ежелден садақ тарту, бэйге, сайыс, күрес, аударыспақ сияқты спорт түрлерімен айналысқан қазақ халқы басқа да спорт түрлерімен айналысу арқылы өздерінің рухани байлықтарын жетілдіріп, толықтырып отырған. Халық өзіне лайықты деп санаған үлттық спорт түрлерін, эр түрлі дене жаттығуларын үнемі жетілдіріп келген. Әр рудың, эр жүздің, эрбір хан мен бай-манаптың, болыс-бектің өз балуаны, өз мергені, өз сэйгүлігі болған. Олар бэйге-жарыстарда ірі рулардың намысын қорғаған Қазақ халқы арасында спорттың дамуына әр үлт өкілдерімен арадағы қарым-қатынастың нығаюы көп эсер етті. Мүндай жағдай, эсіресе, Қазан төңкерісінен кейін берік қалыптасты. Алғашқы кезеңде спорт пен дене тэрбиесі еңбекшілердің денсаулығын нығайту, жалпы гигиеналық мэселелер, эскери шынықтыру даярлығын жақсарту мақсатында жүргізілді. 1918 жылдың 1-жартысында жұмысшылар клубтарында гимнастикамен айналысатын үйірмелер ұйымдастырыла бастады. Халық ағарту органдары мен комсомол үйымдары қыруар жүмыстар атқарып, жастар күшімен спорт алаңдарын, эскери даярлық ісіне жаттығу өткізетін орындар жасады. 1920 ж. 1 қазанда Қазақстанның сол кездегі астанасы Орынбор қ-нда дене тэрбиесі нүсқаушылары және ү-йымдастырушыларымен әскерге баратын жастарды спортқа баулуға арналған курстар ұйымдастырылды. Оған^ жүзден астам кісі қатысты. Оның тең жартысынан көбі қазақ жастары болатын. Мүнан соң Ақтөбе, Гурьев (қазіргі Атырау), Орал, Верный (қазіргі Алматы), Орынбор, Петропавл, Қызылорда, Семей қ-ларында ірі і спорттық орталықтар қүрылды. Сол жылдары Семей, Қостанай, Жетісу \ губернияларында спартакиадалар өте бастады. Әйелдер арасында дене тэрбиесін дамыту мақсатында 1925 ж. Семей қ-нда арнаулы спартакиада өтті. Дэл осындай эйелдер арасында спартакиадалар Орал, Петропавл, Алматы қ-ларында да үйымдастырылды. 1928 ж. Петропавл қ-нда Бүкілқазақстандық 1-спартакиада өз жалауын көтерді. Оған қатысушылар футбол, жеңіл атлетика, қалашық (городки), қазақша күрес, баскетбол және нысана көздеуден сынға түсті. Қазақстанда дене тәрбиесі мен спортты дамытуда 1931 ж. енгізілген "КСРО-ны қорғауға, еңбек етуге дайын бол" (ГТО) деп аталған бэсекелердің маңызы зор болды. Бүл жастардың спортқа түрақты түрде қатысуына мүмкіндік берді. Дене тэрбиесінен үлттық кадрлар даярлауға көңіл бөліне бастады. 1932 ж. Алматыда дене тэрбиесі техникумы ашылды. 1934 ж. респ. ведомствоаралық 1-спартакиада, Орта Азия мен Қазақстан спортшылары арасындағы 1-спартакиада жэне мектеп оқушылары арасында бүкілқазақстандық 1-спартакиада өтті. Қазақстан К(б)П-нің 1937 ж. өткен 1 съезі дене тәрбиесі мен спорт жэне бұқаралық қорғаныс жүмыстарын кеңейте түсуді атап көрсетті. 2-дүниежүз. соғыс қарсаңында Қазақстан спортшыларының саны 150 мыңға жетті, оның ішінде 30 мыңнан астамы қазақ жастары болатын. Соғыс жылдарында эскери-спорт кадрларын даярлауда көп жұмыс атқарылып, елімізде 1,5 миллионға жуық әскери-спорт мамандары тәрбиеленді. 1945 — 56 ж. Қазақстанда дене тэрбиесі ұйымдары нығайып, спорт кадрлары өсіп шықты. 1945 ж. Алматыда дене тэрбиесі ин-ты (Қазақ физкультура ин-ты) ашылды. 1946 ж. Шоқыр Бөлтекүлы "Спартак" қоғамы бойынша бокстан КСРО чемпионы атанып, қазақ жастары арасында бірінші болып спорт шебері деген дэрежеге жетті. 1950 ж. Қазақстан спорт үйымдары қүрылды. 1959 ж. бүл үйымдар спорт федерациясы болып өзгертілді. 1951 ж. "Колхозшы" спорт қоғамы қүрылды. 1956 жылдан бастап "Қайрат" деп аталды. 1956 ж. Мэскеуде КСРО халықтарының 1-спартакиадасы өтті. Қазақстан спортшылары 1956 жылдан олимпиялық ойындарға да қатыса бастады. Тау шаңғышысы А.Артеменко 1956 ж. Италияның Кортина Д'Ампеццо қаласында өткен 7-қысқы олимпия ойындарында, ал Е.Кадяйкин Мельбурнда (Австралия) өткен жазғы 16-олимпиялық ойындарда 3000 м-ге тосқауылдар арқылы жүгіруден сынға түсті. Қазақ жастары арасынан шыққан жеңіл атлет Ғ.Қосанов 1960 10 м-лік эстафеташылар жарысында күмісхж. Римде өткен 17-олимпиялық ойындарда 4 жүлдені иемденді.Елімізде қысқы спорттың дамуына 1951 ж. ашылған эйгілі Медеу мүз " айдыны  (қ.  Медеу  спорт  кешені)  үлкен  ықпал  етті.  Мүнда көптеген дүниежүз. жэне қүрлықтық рекордтар жаңарды. 1960 жылдардың басында Қазақстанда спорт клубтары (АДК "Шахтер", "Болат",  "Динамо", т.б.) қүрыла бастады.

Қазақстан спортшылары Кеңес Одағы түсында айтарлықтай спорттық дэрежеге   қол   жеткізді.   Көгалдағы   хоккейшілер,   допты   хоккейшілер, ^ "Буревестник",  АДК  волейболшылары,   "Динамо"   су  добы  командасы і КСРО,    Еуропа   жэне   дүние    жүзі   чемпиондары    атанды.    Аталмыш / командалар  қүрамында М.Жексенбеков,  С.Шаймерденов,  С.Қалымбаев, Е.Қүмарғалиев,      С.Сексенбаев,      Ю.Варзин,      В.Бочков,      В.Агуреев, О.Жарылғапов,   М.Мәденов,   З.Жэркешов,   Ж.Сауранбаев,   В.Кравченко., Е.Чебукина, О.Кривошеева, Н.Меңдіғалиев, Е.Аяпбергенов, А.Оразалинов, С.Котенко сынды спортшылар өнер көрсетті.1976 ж. 21-Олимпиялық ойындарда (Монреаль, Канада) КСРО қүрама командасына 14 қазақстандық спортшы 11 спорт түрінен қатысты. Бүл олимпия ойынында жерлестеріміз 8 алтын жэне 2 күміс медальға ие болды. Ал осы жылы өткен Қысқы олимпия ойындарында шаңғы жарысынан 2 қола медальді иемденді. Мэскеуде өткен 22-олимпия ойындарында (1980) 20 қазақстандық спортшы 6 алтын, 2 күміс жэне 7 қола медальді алды. Осы олимпияда ойындарында Ж.Үшкемпіров, Ш.Серіков, т.б. олимпия чемпиондары атанды. 1988 ж. Сеулде (Корея Республикасы) өткен 24-олимпия ойындарында КСРО құрама командасында 30 қазақстандық спортшы қатысты. Олар әр түрлі дэрежедегі 18 медальді иеленді. Барселонада (Испания) өткен 25-олимпия ойындарында (1992) Қазақстан Республикасы ТМД құрама командасында болды. Мүнда 11 спорт түрінен 23 спортшы қатысып, 5 медаль (Е.Чебукина, И.Герлиц, Д.Түрлыханов, Т.Менынова, В.Вохмянин) алды. Қазақстандықтар 1994 ж. бастап Азия ойындарына қатысып келеді. Хиросима (Жапония) қ-нда өткен 12 ойындарында қазақстандықтар жалпыкомандалық төртінші орынды иеленді. Олар 77 медальға (оның 25-і алтын) ие болды. Атап айтқанда Қ.Шағатаев, Н.Сманов (бокс), М.Мамыров (еркін күрес), Ю.Мельниченко, Д.Түрлыханов (грек-рим күресі), О.Шишигина (жеңіл атлетика) сынды спортшылар алтын медаль иегерлері атанды. 1998 ж. Таиландта (Бангкок қ.) өткен 13-Азия ойындарында қазақстандықтар бесінші орын алды. Олардың үлесінде барлығы 78 медаль (оның 24-і алтын) болды. Чемпион атанғандардың ішінде В.Гуща, Д.Аспандиярова (нысана көздеу), Д.Топоров, Қ.Нүрмағамбетов (ескек), Б.Байсейітов, С.Матвиенко (грек-рим күресі), Н.Торшина, О.Шишигина, И.Потапович, С.Арзамасов (жеңіл атлетика), В.Бурба, Е.Ибрайымов, М.Ділдэбеков (бокс) сынды спортшылар бар. 2002 жылы Корея Республикасының Пусан қаласында өткен 14-Азия ойындарында жерлестеріміз 76 медаль алды. Командалық есепте бесінші орында болды. 20 спортшы алтыннан алқа тақты. Олардың арасында  А.Тетерюк (велоспорт), Ә.Иманбаев, Г.Цурцумия (грек-рим күресі), Б.Ахметов, С.Филимонов (ауыр атлетика), Н.Торшина, Г.Егоров, ' В.Борисов (жеңіл атлетика), Н.Кәрімжанов, Г.Головкин (бокс), О.Довгун, С.Беляев (нысана көздеу), т.б. спортшылар бар. 1994 ж. Лиллехаммерде (Норвегия) өткен Қысқы олимпия ойындарында көкшетаулық В.Смирнов олимпия чемпионы атанды. Атланта (АҚШ) Қ-нда өткен 26-олимпия** ойындарында Қазақстан түңғыш рет ж<


WhatsApp арқылы ҰБТ-ның болмайтыны жайлы хабарлама тарап жатыр

$
0
0

 

WhatsApp арқылы ҰБТ-ның болмайтыны жайлы хабарлама тарап жатыр

Қазақстанда WhatsApp арқылы ҰБТ-ның болмайтыны жайлы хабарлама тарап жатыр. Бұл туралы Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің өкілдері хабарлап, бұл мәліметтің жалған екенін атап өтті.

"WhatsApp және әлеуметтік желілерде ҰБТ-ның болмайтыны жайлы таралып жатқан мәліметтер шындыққа жанаспайды. Білім және ғылым министрлігі 2016 жылдың жазында ҰБТ-ның алдын ала жоспарланған тәртіпте өтеді және шекті деңгейдегі балл жинай алмаған түлектерге де қайта тестілеу мүмкіндігі жасалады. Сондықтан өз жақындарыңыз бен туыстарыңызды ҰБТ-ның болмайтыны жайлы мәліметтің жалған екенінен құлағдар етуді сұраймыз", − делінген ведомство хабарламасында.

Биыл ҰБТ 1-15 маусым аралығында өтеді. Қайта тапсырудың құны 2 242 теңге.

Дереккөз:Tengrinews.kz 

Бұйымдарға қолданылатын ою-өрнек түрлері

$
0
0

№ 45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы

                                                          

Шаймерден Азатхан Серікұлы

Бейнелеу өнері пәнінің жоғары санатты оқытушысы

 

Сабақтың  тақырыбы:  Бұйымдарға   қолданылатын   ою- өрнек   түрлері.

Сабақтың  мақсаты:  ою- өрнек   туралы   түсінік   беру.

Білімділік:   қазақ   халқының   ою- өрнек   түрлеріне   сипаттама   беру.

Дамытушылық:   ою- өрнектің   тілін   түсіндіру,   сырына   мән   беру   арқылы                                                   оқушылардың   шығармашылық   қабілетін   дамыту.

 Тәриелік:   ою- өрнек   арқылы   оқушылардың ой-өрісін,   білімін   жан- жақты   дамыту,   халқымыздың   асыл   мұраларын, салт- дәстүрін,   өнерін   құрыметтеуге   тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі:   дәстүрлі   сабақ

Сабақтың  типі:   аралас   сабақ.

Сабақтың  әдісі:   топпен   жұмыс,  түсіндіру,  сарамандық  жұмыс.

Сабақтың  көрінекілігі:  слайдтар: «Ә.Қастеевтің  сөзі»,  «Ою-өрнектер», «Сергіту  сәті»,                                                      «Б.Момышұлының  сөзі».

Пәнаралық  байланыс:   бейнелеу  өнері,   әдебиет,   математика.

Сабақтың  барысы:    1.Ұйымдастыру   бөлімі.

                                 Оқушылармен   амандас,   түгелдеу.   Екі   топқа   бөлу.

  1. Үй   тапсырмасын   сұрау.
  2. Сырғалар   пішініне   қарай   қалай   бөлінеді?
  3. Сырғалар   жасалатын   материалына   қарай   қалай   аталады?
  4. Шолпы   мен   шашбау   қандай   құймалардан   қалай   жасалады?
  5. Шолпы   мен   шашбауды   не   үшін   тағады?
  6. Білезік   дегеніміз   не?
  7. Тамақша   дегеніміз   не?
  8. Тамақша  неден   жасалады?
  9. Білезіктің   қандай   түрлері   бар?
  10. Алқа   қандай   бұйым?
  11. «Алқа   сырға»   деп   қандай   бұйымды   айтады?
  12. Жаңа   сабақ.

           Өнерді   таудың   бұлағынан,

           Қойдың   құлағынан,

           Апамның    киізінен,

           Қошқардың   мүйізінен    үйрендім.

                                                          Ә.Қастеев.

Халық  арасында  кең  қанат  жайған  қолданбалы  өнер  саласының  біреуі  зергерлік  болса,  екіншісі  ағаш  өңдеу  өнері.  Қазақ  халқының  қолөнерінің  сала-саласында  кең  қолданылып  келген,  өнердің  өте  көне,  әрі  күрделі  түрі  ою-өрнек  өнері.Қазақтың  қолтума  сәндік  өнерінің  барлық  түріне  де  оюлар  мен  өрнектер  алғашқы  элемент  ретінде  қолданылады.

Қазақтың  ою-өрнегінің  бірнеше  ондаған  ғасырлық  тарихы  бар,  атадан  балаға,  ұрпақтан  ұрпаққа  мұра  болып,  үнемі  қолданыста  болып,  дамып  келе  жатқан  өнер  түрі.  Оған  мысал  ретінде  «Сырмақ  шерткен  сыр»  аңыз  әңгімесін  айтуға  болады.

      Ертеде  бір  әділ  хан  болыпты.  Оның  жарлығымен  қол  астындағы  халық  үй  жиһаздарын,  киім-кешек,  құрал-саймандарын,  қару-жарақтарын  ою-өрнектеп  әдемілеп  ұстайтын  болған.  Сондықтан  оны  халық  Ою  хан  атапты.  Бір  жылдары  бөтен  елдің  ханы  жаулап  алып,  Ою  ханды  зынданға  тастапты.  Ою  ханның  орнына  хан  болып,  бұрынғы  салт-дәстүрді,  ою-өрнекті  жойып,  жаңаша  құрмақ  болады.  Жаңа  дегендерінің  бәрі  тез  ұмыт  бола  береді.  Оған  жөн  айтқан  адамдардың  көзін  жоя  берген.  Сондықтан  оны  халық  Жою  хан  деп  атапты.

      Бұл  кезде  Ою  хан  зынданда  жағдайдың  бәрін  естіп-біліп  жатыпты.  Бір  күні  Жою   ханның  жалғыз  ұлы  аңға  шығады.  Жолдағы  аңның  бәрін  түгел  қырып,  ойына  келгенін  істеп  келе  жатырғанда  бір  үкі  мұның  бетіне  шапшып,  екі  көзін  ойып  жібереді.  Еш  нәрсе  көре  алмай  тентіреп  келе  жатып,  жардан  құлап  көлге  батып  өледі.   Жою  хан  баласына  іздеу  салады.

      -Кімде-кім  баламның  өлімін  естіртер  болса,  соның  басын  аламын,- деп  жарлық  берген  соң  ешкімнің  батылы  бармай.

     Мұны  естіген  Ою  хан  баланы  іздеуге  баратынын  хабарлайды.  Жою  хан  оны  зынданнан  шығарып,  жолға  салады.  Ол  дәрі-дәрмегін  алып  орманды  аралап  келе  жатса  бір  тастың  астынан:

    -Жойылсын,  Жою  хан! –деп  қиналған  дауысты  естиді.  Тасты  көтеріп  қараса,  жамбасына  оқ  тиіп,  күйреген  сұр  тышқанды  көреді.  Оның  аяғын  таңып,  дәрі  құйып  жөніне  жібереді.  Осылайша  кездескен  аң-құстың  барлығын  емдейді.  Ең  соңында  қанаты  сынған  үкіні  емдеп,   «Жою  ханның  баласын  көрдің  бе?»  деп  сұрайды.

    -Қатыгез  хан  баласы  жолында  кездескен  сұр  тышқанды,  арқарды,  бұғыны,  жолбарысты  жаралап,  балықты  құрлыққа  тастап,  қайтып  айналып  келіп,  сойып  алмақ  болғанда,  мен  оның  екі  көзін  шығардым.  Өйткені  бұл  аңдардың  барлығы  Ою  хан  еккен  орманның  ең  соңғы  аңдары  еді.  Хан  баласы  қазір  көл  түбінде  өліп  жатыр.

     Мұның  бәрін  естіген  Ою  хан  үйіне  келіп,  ойланып,  оқиғаның  желісін  сырмақтың  бетіне  ою  түрінде  түсіріп,  Жою  ханға  алып  келеді.  Жою  хан  сырмақтың  оюына  қарап  отырып,  оқиғаны  былайша  тарқатады.             -Тоқта,  мына  ою  не  деп  тұр?  Балаң  екіге  бөлінді,  жаны  рухта,  тәні  аруаққа  айналды  деп  тұр  ма?

    -О,  жалған!  Менің  ұлым  шынымен  өлгені  ме?  Өлтірем!!!- деп  қылышын  суырып  Ою  ханға  төнеді.  Ою  хан  саспастан  Жою  ханның  өз  жарлығын  есіне  салады.  Ханның  екі  айтқаны  өлгені  деп,  жарлық  бойынша  өз  басын  алады.  Ою  ханды  ел-жұрты  қайта  хан  көтереді.

    Әр  оюдың  тілі  бар  деген  сөз  осыдан  қалған.

Бұл  аңыздан  ою-өрнектердің  барлығын  қоршаған  ортадан  алғанын  көреміз.

Көне  заманнан  қазіргі  кезге  дейін  халықтың  тұрмыс-дәстүрімен  тығыз  қайнасып,  өмір  сүріп  келе  жатқан  өнердің  бір  түрі –ол  қолданбалы  өрнек  өнері.

Қазірде  ою-өрнектерді  композициялық  құрылымына  қарай  бір  жүйеге  келтіру  үшін  ғалымдар  ою-өрнекті  төрт  топқа  бөледі:    1. Зооморфты      2.Өсімдік  пішіндес 3.  Геометриялық    4.  Космогониялық.

Әр  ою-өрнектің  астарында  мағына  болады.  Мысалы:  «қошқар мүйіз»  оюы  молшылықты   меңзейді,    «ағаш»  оюы  ынтымақ   бірлікті,  «ирек»  оюы  адамның  өмір  жолы,  судың  белгісі,  «шеңбер»  оюы  жарық  өмір  жолы  дегенді  білдіреді.

«Құс»,  «түйе  табан»,  «итқұйрық»  ою-өрнектері  кебеже,  жүкаяқ,әбдіре,  асадал  сынды  бұйымдарда,  ал  өсімдік  пішіндес  оюлар  «гүл»,  «жапырақ»,  «қырмызы  гүл»,  т.б.  ағаш  бұйымдарда  шебердің  талғамына  қарай  топтастырып  беріліп  отырған.  Геометриялық  өрнектер  кілемде,  шым  шиде,  ағаш  пен  тастан  өңделген  бұйымдарда сондай-ақ барлық дерлік  бұйымдарда  композиция  құру  барысында пайдаланады. Космогониялық  өрнектер  көбіне  кілемде,  жүзіктерде  кездеседі.

Жоғарыда  өрнектердің  композициялық  құрылымы  дегенді  айттық.Композиция  дегеніміз -өрнекті  бұйымның  бетіне  реттеп  орналастыру,  жүйелеу.

 Композициялық  тұйық  өрнектер  дегеніміз- шеңбер  ішінде,  түрлі  бұрыштар  ішінде  орналасқан өрнектер.

Өрнектерді  орналастыру  үшін  симметрия  сақталу  керек.  Симметрия  дегеніміз- ою  өрнектің  екі  жағының  тең  болуы.  Ою-өрнекте  бір  элемент  қайталанып  келсе  мұны- ритм  дейміз.  Бұйымға  салынатын  ою-өрнектің  бояу  түрлерінің  бір-бірімен  үйлесіп,  жарасым  табуы – колорит  деп  аталады.

         Мысалы:  көк  түс – аспанды,  жасару,  өмір,  өсу  деген  мағынаны  білдіреді,  қызыл  түс – оттың,  күннің  белгісі,  қара  түс – жердің  түсі,  берекенің  белгісі,  сары  түс – ақыл,  парасат,  байлықтың  белгісі,  ақ  түс – қуаныштың,  бақыттың,  тазалықтың  белгісі,  жасыл  түс – жастықтың,  көктемнің  белгісін  білдіреді.

Сонымен  қазақтың  ою  және  өрнек  деген  қос  сөзі  біріге  келіп,  латынша  орнамент  деген  ұғымды  білдіреді.   Мағынасы  әсемдеу,  сәндеу.  Ою  дегеніміз – бұйымға  түсірілген  өрнекті  пышақпен  кесу  арқылы  өңдеу,  бұйымды  шабу  кезіндегі  ойып  өңдеу  жұмыстары.  Өрнек  дегеніміз – кез  келген  бұйымның  сыртына  түсірілетін  біртұтас  байланысты  әшекей.  Жалпы  алғанда  ою - өрнек  дегеніміз - әдемі  ырғаққа  арнаулы  жүйемен  құрылған  өрнек  бөлшектері.

Шеберлер  бұйымға  салатын  ою - өрнектерді  жүйелеп,  бояуларын  да  үйлестіре  біледі.

Артында  өшпес  із  қалдырған  қолөнер  шеберлері  біздің  өңірде  де  баршылық.  Соның  бір – екеуіне  тоқтала  кетейік.                 

     Сергіту  сәті.      Мақалдың  жалғасын  тап.

     1.Еңбек  қылсаң  ерінбей,  тояды ...

     2.Шешеннің  сөзі  мерген,  шебердің ...

     3.Ер  қадірін  ер  білер,  зер ...

     4.Жаңбырмен  жер  көгерер,  еңбекпен ...

     5.Істегенің  еліңе  жақсы,  үйренгенің ...

     6.Не  ексең,  соны ...

     7.Екпей  егін  бітпес,  үйренбей ...

     8.Ақыл  көпке  жеткізер,  өнер ...

Сабақты  бекіту:   екі  топқа  екі  түрлі  тапсырма  беру  арқылы  бекітіледі.

     1.Оюларды  өз  тобына  жинау.

     2.Графикалық  диктант.

1.Композициялық   құрылымына  қарай  ою-өрнек  екі  топқа  бөлінеді.     

  1. «Қошқар мүйіз» зооморфты өрнек  түріне  жатады.

3.Композиция  дегеніміз - өрнектерді салыстыру.

4.Симметрия  дегеніміз – ою-өрнектің  бір  жағының  үлкен  болуы.

5.Өрнек  дегеніміз – бұйымның   сыртына  түсірілетін  әшекей.

6.Көк  түс – жастық,  көктемнің  белгісі.

Бағалау.

Үйге  тапсырма:  Қазақ  халқының  ою-өрнектерін  басқа  халықтардың  ою-өрнектерімен  салыстыру.

Теориялық  бөлімді  қорыту.

     Өткенді  еске  алып,  ойға  толам,

     Сұрыптап  тезге  салып,  көп  ойланам,

     Ой  түбіне  жете  алмай  титықтасам,

     Қолыма  қайшы  алып,  ою  оям – деп  Б.Момышұлы  атамыз  айтқандай  біз  де  келесі  сарамандық  жұмыс  бөліміне  көшеміз.

Сарамандық  жұмыс.      Ағаш  бетіне  бедерлеп  өрнек  ою.

     1.Салынатын  өрнек  жобасын  қағазға  салу.

     2.Тақтай  бетін  тегістеп  сүргілеу.

     3.Өрнекті  ағаш  бетіне  көшіру.

     4.Өрнекті  ою.

Жұмысты  саралап  сараптау,  баға  беру.

Жұмыс  орнын   жинастыру.

                                       

 

Ш. Уәлиханов және сурет өнері

$
0
0

Ш. Уәлиханов және сурет өнері

Азатхан Серікұлы Шаймерден

Жоғары санатты бейнелеу пәнінің оқытушысы

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназия

    Қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы, шығыстанушы, тарихшы, этнолог, географ, фольклортанушы Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы (1835-1865жж) жақсы суретші де болған.

    Ғалымның бай мұраларының бір бөлігін бейнелеу өнері саласындағы еңбектері құрайды. Ол негізінен портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс-салтын бейнелеу жанрымен айналысқан. Өз еңбектерін суретпен толықтырып отырған, көбінесе акварель, майлы бояумен, ал кейде тущь, қалам, сиямен жұмыс істеген. Суретшілік өнерді арнайы үйренбесе де оның суреттерінде кәсіби шеберлерге тән өзіндік қолтаңбасы бар. Бұл ғалымның табиғи дарынының ерекше бір қырын байқатады. Қазіргі уақытта Шоқаннан бізге мұра боп қалған 150-ге тарта сурет бар /2,318/. Оның  қолынан шыққан суреттердің біразы ХІХ ғасырдың 60-шы жылдары «Всемирная иллюстрация», «Искра», «Русский художественный лист» секілді беделді басылымдарда жарияланған. Шоқан өзінің күнделіктерін, қолжазбаларын суретпен көркемдеп, көрнекі кескіндемелерімен де толықтырды. Ғалым сондай-ақ тастағы жазуларды, ондағы көне заманның суреттерін қағазға айнытпай түсіру арқылы кейінгі ұрпақтың сол жазуларды оқуына жағдай жасады /3,3/.

    Бейнелеу өнері тарихында он, жиырма ғана еңбегімен маман суретші атанып, әлемдік даңққа иеленгендер бар. Шоқан Уәлиханов бізге 150 туындысын мұра етіп қалдырды. Демек, Шоқанның суретшілігі - маман көзбен қарауға болатын, талғаммен өлшеп, танымымызға сіңіретін суретшілік /4, 16/.

    Қазақ халқының тұңғыш суретшісі Ш. Уәлиханов бала жастан сурет салумен шұғылданған. Кадет корпусында оқи жүріп, сурет салуға деген құштарлығын одан әрі шыңдай түседі. Оның бейнелеу өнеріне деген бейімділігіне әжесі Айғаным мен әкесі Шыңғыстың тәрбиесі ерекше әсер етті /5, 315/.

    Қоршаған ортаны бейнелегенде, көргенін қапысыз суретке сала білген Шоқан тас мүсіндермен қатар таңбалы тастардағы бейнелік суреттерді қағазға түсіріп, жүйелі зерттеуді көздеген. Оның салған суреттерінде қазақ халқының мәдениетін зерттеуге мүмкіндік беретін қару-жарақ, садақ, қорамсақ, кісе, селебе, жел ауыз, қамшы нобайларынан ұлттық мұраның үлгілерін көруге болады. Сонымен қатар ғалым ұлттық киімдер мен киіз үйдің қыр-сырын өте жақсы білген /6, 40/.

    Сурет салумен бала жастан шұғылданған Шоқан он екі жасында «Жатақ» атты суреттемесін салады. Суретші бұл еңбегінде киіз үй мен түйеші баланы өте нанымды бейнелейді. Бұл оның тырнақ алды туындысы болса да, бояу үйлесімділігі жарасымды үндестік тапқан шығарма болып табылады.  Көкейге ұялаған ойды жедел қағаз бетіне түсіруге ұмтылған қаламгер талай туындыны өмірге алып келеді. Шоқан кадет корпусында оқып жүргенде сурет пен сызу пәндерінен жүйелі білім алады /8, 37/.

    Үздіксіз ізденістер мен қажырлы еңбегінің жемісі Шоқанның қазақ халқының тұңғыш суретшісі екендігін дәлелдей түседі. Оның өзіндік бір ерекшелігі - көрген затты жақсы есте сақтап, ойша салуға дағдылануы. Қоршаған ортаны бейнелеуде зерттеушілік әдіске бейім. Мысалы,  «Рауғаш және киіктің лағы» атты нобайына көңіл бөлсек, мұнда шөптің құрылысы мен киіктің сұлу тұлғасы дәл ұқсастықпен бейнеленгендігін байқай аламыз /8, 38/.

   Шоқанның портреттік адам тұлғасын бейнелеуде сол адамның ішкі жан-дүниесіне  үңіле отырып, мінез-құлық ерекшелігіне айқын сипаттама береді. Өзінің «Автопортреті» - кәсіби типте орындалған шығарма. Оның графикалық туындылары арасында портреттік жанр басты орын алады. Шоқан - өткір ойлы, көргенін жаңылмай бейнелейтін аса шебер суреткер.  Шоқанның  адам келбетін бейнелеудегі аса шеберлігі - адамның ішкі жан-дүниесін жарқыратып ашуында.  Ол «Бұғы руының бас манабы Боранбай» суретінде Боранбайды кескіндеуінде кеудеден жоғары келбетіне көбірек көңіл бөледі. Қиғаш қас, қысық көз, қыр мұрынды, шоқша сақал, сирек мұртты маңғолға ұқсас дөңгеленген өңін нанымды бейнелейді. Күңгірт түстерді үйлесімді пайдалану арқылы Боранбайдың бет - пішінін  айқындай түскен. Шоқанның кез-келген портретті шығармасын алып қарасақ, жанды сызықтың құдіретімен  қас-қағым сәтте бейнеленген нобайлары асқан шеберлікпен туындаған. Адамның тынымсыз іс-әрекет жасаудағы тұлғасын дәлдікпен қағаз бетіне түсіре білген. «Тезек сұлтанның портреті», «Сарыбағыш руының манабы Сартай», « Ұлы жүз сұлтаны  Мамырхан Рүстемов» т.б. портретті туындылары ұлттық мазмұнда өз шешімін тапқан /8, 39/.

    Шоқан қолтумаларының шоқтығы биігі портреттік жанр болғанымен, табиғат тамашасын, халықтардың тұрмыс-тіршілігін, салтын бейнелеуде еш тосырқамайды. «Аспан әлемі» деген этюдінде ғалым - суретші қазақ халқының көнедегі күнтізбені тәптіштей сызып,  Құс жолы, Арқар жұлдыз, Сүмбіле, Таразы, Жетіқарақшы, Темірқазықтың орнын көрсетеді /4, 16/.

    Шоқанның көнедегі  архитектуралық ескерткіштерді, тамылжыған табиғат сұлулығын, «Киіз үй алдындағы қазақтарды», «Кітап ұстаған қазақты» да салғаны бар. Портреттік жұмыстарында Шоқан адамның күрделі психологиясын ұтымды деталдармен (қара қауырсын, қандауыр пышақ т.б.) ашып отырады. Бұл еңбектер орындалу сәттілігімен ғана емес, ұлттық бейнелеу өнеріміздің, оның ішінде ұлттық реалистік графикамыздың алғашқы үлгісі болуымен де құнды /4, 17/.

    Шоқан мұрасының ішінде сәулет құрылыстары бейнеленген суреттемелер өте көп. Шығармашылық еңбегінің нәтижесі тарихи деректемелерге дәлел бола алады. Мысалы, «Семейдегі  тас мешіт», және «Түп өзеніндегі қырғыз бейіттері» қырғыз бен қазақ өлкесіндегі сәулет өнерінің үлгілерін зерттеуі дүниежүзілік сәулет өнерімен сабақтастырылған /6, 144/.

    Ш. Уәлиханов шексіз сахараның сан құбылған табиғатының ортасында жүріп, өнерін жетілдіреді. Шоқанның 1856 жылы қарындашпен салған «Іле Алатауындағы бекет», суретінде дала ауа райының кеңістік заңдылығын мейлінше ұтымды пайдалана білген /1, 126/.

    Шоқанның суреттері мен графикалық кескіндемелері сюжеттік жанрға тән. Ұлы саяхатшы 1858 жылы Қашқарияда болып, жергілікті Қытай халықтарының мәдениетімен жетік танысады. Ол қытайлардың қала сыртындағы бақтары, жазғы мекен-жайлары өте көрікті, әсіресе үйлердің терезелері оюланып, шатырының ернеулері жұлдызшалармен ерекшеленгендігін көрсетеді. Оның «Шығыс - Түркістан ұйғырларының киімдері», «Түркістан әйелдерінің киімдері» атты шығармалары - осы бағыттағы  сәтті туындылары. Шоқан өз халқының өнерін дүниежүзілік мәдениетпен байланысты зерттеуде ұлттық бояуды сақтап қалуды арман етті. Шоқанның бейнелеу өнеріне қосқан үлесі - ұлттық мұражайымыздың асыл қазынасы /8, 40/.

    Бүкіл саналы ғұмырында Шоқан өнер зерттеушісі ретінде көрінді. Ол қысқа ғұмырында сурет, сәулет, мүсін және қолөнерге айрықша  мән берген.  Осы салалар бойынша Шоқанның еңбектерін зерттеген тарихшы Әлкей Марғұлан оның сурет жазбаларын мынандай жеті топқа бөледі:

  1. Жас кезінде салған суреттері.
  2. Қазақстан мен Қырғызстан мәдени және археологиялық ескеркіштерінің суреттері.
  3. Қазақтардың, қырғыздардың, ұйғырлардың тұрмысы мен салтына қатысты суреттер.
  4. Ыстықкөл экспедициясы суреттері.
  5. Құлжа сапарынан туған суреттер.
  6. Қашқар экспедициясы суреттері.
  7. Замандастар портреттері.

Түйіндеп айтар болсақ, Шоқан Уәлиханов басқа ештеңе тындырмай, тек қана бізге жеткен суреттерімен белгілі болғанда да, рухани тарихымыздың төрінде тұрар еді. Шоқанның жазба мұраларынан көп қырларын таратып әкетіп жүргеніміздей, бейнелеу өнеріндегі Шоқан мұралары да этнографты, тарихшыны, сәулетші - суретшіні, топограф, географ, ботаник, музыкантты, әдебиетші, өлкетанушыны қызықтырады. Соның ішінде, ғалымның суретшілік еңбегі әлі де өз зерттеушілерін күтуде. Ұлттық бейнелеу өнерінде, ең алдымен, қазақ халқының тұңғыш суретшісі Шоқан Уәлихановтың мұрасынан сабақ алып, оның суреттері толық зерттеліп, ғалымның суретшілік мұрасының өмірдегі шын қуаты анықталып, өз орнын тапса екен деймін.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ешмағанбетов Б. С. Шоқан Уәлиханов - ғұлама ғалым. Қазақстан тарихы әдістемелік журналы. 2005 ж №5
  2. Бейсекбаев Ж. Жасын тағдыр жарқылы. Алматы. «Жалын», 1987ж
  3. Есмағанбетов К. Шоқан дүниетанымы.
  4. Алаш айнасы газеті. 2009 жыл 20 мамыр
  5. Телжанов Қ. Бояуы қанық бір әлем. Білім және еңбек. ғылыми көпшілік журнал. 1985 ж. №11
  6. Қабылдинов З. Е, Қайыпбаева А. Т. Шоқан Уәлиханов – қазақтың аса көрнекті ғалымы әрі ағартушысы. Қазақстан тарихы. Атамұра, 2008жыл
  7. Болатбаев Қ, Қосбармақов Е, Еркебай А. Қазақ халқының тұңғыш     суретшісі – Ш. Уәлиханов . Алматы, Өнер. 2006 жыл
  8. Ш. Ш. Уәлиханов. Көп томдық шығармалар жинағы, ІІ-ші том, Алматы, 2010 жыл

Төзім. ана тілі 1 сынып

$
0
0

Байсеитова Алмагүл Исатаевна

Бастауыш сынып мұғалімі

№4 ЖББ мектебі, Саран қаласы

 

ТӨЗІМ

Ана тілі 1 сынып.

Мақсаты :

Диалогттік оқыту негізінде оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіре отырып, мәлімет беру.

Күтілетін нәтиже:

Оқу барысында сұрақтар қоюға, ойланып жауап беруге дағдыланады.                                                                                             Өз ойын айта білуге үйренеді.                                                                                                                                                     Оқушылардың шығармашылықтарын арттыру;      Бір- бірін бағалап үйренеді.

Табыс критериі:

Оқушыларды төзімділікке тәрбиелеу,

Негізгі идеясы

Өсімдіктердің жануарлар тіршілігіндегі орны

Оқулық :

Оқулық авторы: Ш.Әуелбекова, Ә.Наурызбаева, Р.Ізғұттынова, С.Тәжімбетова.  Алматы»Атамұра» 2012

 

Сабақтың барысы /мұғалімнің ескертпелері:

Уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Формативті

Суммативті

3 мин

«Алтын балық» атты тренинг арқылы балаларға балықты киіндіреді.  

Оқушылар бір-бірлеріне жақсы тілек айту арқылы балықты киіндіреді.

Шапалақтау.

 

жүрекше

5 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.  Сөзжұмбақ шешу

1.     Торы тай,

Табанды төрт ай

2.      

Оқушылар берілген жұмбақтың шешуін тауып, топқа ат қояды.

1.     Таға

 

 

Қима парақшалар

3 мин

«Үш оқушының әңгімесі» әдісімен сабақты сұрау. Үш оқушыдан сыныпты бөлемін. Екуі бір-бірлеріне сұрақ қояды. Үшінші оқушы оны есіне сақтап отырады.

Қазір үш оқушыны тақтаға шығарамын. Суреттер беріліп, буынға бөледі.

 Үш оқушы бір-бірлеріне сұрақ қояды.

Сұрақ-жауап қорытындлау

–Нұрмаш әкесінің бөркін неліктен кигісі келеді?

-Қойшы атай бөрікке не деп тіл қатты?

-Бөрікті неден жасйды?

-Түлкі , құндыз, кәмшат терілерінен жасалады.

 

Жапондық басбармақ әдісі

 

орындық

3 мин

Жаңа сабақ

-Үлкендерді сендер қалай сыйлайсыңдар?

-Ата-әжеміз жанымызда қамқоршы, ақылшы болып жүреді.

-Ата-әжелеріңді неліктен жақсы көресіңдер?

-Ендеше, бүгінгі сабақта өз немерелеріне ертегіні қалай айтып беретіні туралы «Төзім» әңгімесінен оқып білеміз.

 

 

 

 

 

Нұрдаулет Ақышев 1950 ж. 15 маусымда Тарбағатай өңірінде, Маңырақ аулында  дүниеге келеген. Балалаларға арнап көптеген       әңгімелер жазған. «Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз» атты журналдар редакцияларында  жұмыс жасайды.

Ендеше, күннің жадын жазып, бөрік сөзін буынға бөліп көркем етіп жазу.

2. Оқулықтағы тапсырмаларды орындау:

63-жаттығу: сөздерді буынға бөліп оқып, тақтаға (дәптерге) жазу.

(сөздердің мағынасын түсіндіру)

3. Шығармашылық тапсырма:

«Ойлан, тап» деп аталады. Буындарды пайдаланып, өлең жолдарын құрастырасыңдар.

Ма ма ма     .........     болма.

Же же же      ........     әже.

Та та та         .........ата.

 

 

 

 

Смаилистермен

 

Интербелсенді тақта

2 мин

Сергіту сәті

Көңілді күн әуенді ырғақпен оқушыларды сергіту.

Оқушылар әуенді ырғақпен сергиді.

От шашу

 

Аудио-видео жазбалар.

3 мин

Топпен жұмыс

Мәтіндегі екі кейіпкерге мінездеме бересіңдер

 

    Аяулы          Гүлдана

Топпен бағалау

 

дәптерлер

3 мин

Рефлексия.

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қандай. Егерде бәрін жақсы ұқсаң, жоғары смайликтің астына, орташа білемін десеңдер, ортаңғы, түсінбедім дегендерің төменгі смайликтің астына іліңдер.

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін смайликтер арқылы білдіреді.

Смайликтер арқылы көрсету

 

 

2 мин

Бағалау. Әр топтың бағалаушылары топ мүшелерінің балдарын айтып кетеді.

Әр топтың мүшелерінің балдарына қарап, баға қояды.

 

 

 

2 мин

  Үйге тапсырма.

75-76 бетті оқу, 64 жаттығу 74 бет

 

Оқушылар күнделікке үй тапсырмасын тексереді.

 

 

Күнделік

 

 

 

 

Биология пәнінен ОЖСБ-ға дайындауда жетістікке жету жолы.

$
0
0

Батыс Қазақстан облысы

Қаратөбе ауданы

Аққозы ЖОББМ-нің  I санатты III деңгейлі биология

пәнінің мұғалімі Төлеуғалиева Райса Радикқызы.

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуге есептер шығару

$
0
0

Сабақтың тақырыбы: Бір  айнымалысы  бар  сызықтық  теңдеуге есептер  шығару

Тема: «Главные и второстепенные члены предложения»

Сабақтың  мақсаты:

а)білімділік мақсаты: Оқушылар бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің жазылуын, қандай теңдеулер мәндес теңдеулер болатынын, теңдеулердің қасиеттерін, ах=b теңдеулерінің шешудің үш түрлі жағдайын білу.

Шахмат ойындарының стратегиясы мен тактикасы

$
0
0

Сабақтың тақырыбы: Шахмат ойынының стратегиясы мен тактикасы

Сабақтың мақсаты:     

а)білімділік мақсаты:

 Оқушыларға стратегия және тактика сөзінің мағынасын   түсіндіре  отырып,шахмат  ойынының принциптері мен ережелері туралы мағлұматтар беру                             


Шахмат фигурларының жүрістері

$
0
0

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Шахмат ойыны жоғары интеллектуалдық спорт түрі. Шахмат - адамның ақыл- ой дамуына ықпал ететін білім. Шахмат ойыны балаларға тек қуаныш сыйлайтын ойын ғана емес, ойлауды дамытудың тиімді құралы. Шахмат ойыны сонымен қатар, кеңістікті бағдарлай алу қабілетін дамытуға , ойлаудың аналитикалық синтетикалық жолдарын, ой тұжырымдарын жасау, есте сақтау, қорытынды жасай алу қабілетін, мақсат қос білу қабілетін дамытуға көмектеседі. Елбасымыз шахматтың тұнып тұрған есеп екенін айта келіп, «Есепке жүйрік адам математиканы еркін меңгереді» деген болатын. Сондықтан шахмат пен математика ғылым мен ілім ұштасып жатқан тұтас ұғым деп түсінуіміз керек.  Шахмат айыны 1966 жылдан бастап 20 шілде Халықаралық шахмат күні ретінде тойланады.Бұл мереке 1924 жылы құрылған Әлемдік шахмат федерациясы шешімімен бекітілген. 1988 жылы сағатты қолдана бастады. Шахбокс-шахмат пен бокстан туған.

 

 

«Халық дәстүрі – асыл қазына »

$
0
0

«Халық дәстүрі – асыл қазына»


Мақсаты:
              
1.Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерінің халықтың                       

                 салт-дәстүрлерімен сабақтастығын түсіндіру, кейбір халық әндерін, мақал-          

                  мәтелдерін үйрету.
               2.Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру,тәрбиелік          

                  мәні бар салт- дәстүрлерді бойына сіңіру.
Көрнекілігі:
                    Салт –дәстүрге байланысты суреттер, мақал-мәтелдер, даналардан шыққан  

                     сөз, қолөнер бұйымдары, ою-өрнек түрлері.

 

Біржан сал – әнші, сазгер, ақын

$
0
0

Ғ.Мүсірепов атындағы аудан

Сарыбұлақ орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

  Альмуханова Айгүл Иенбергеновна

 

Біржан сал – әнші, сазгер, ақын

10-сынып

Әдеби кештің тақырыбы: Біржан сал – әнші, сазгер, ақын.

Мақсаты:оқушылардың өлеңге, әнге деген сүйіспеншіліктерін оята отырып , мәдениеттілікке , еңбек сүйгіштікке, елжандылыққа, ұқыптылыққа, бір-бірінің сөзін сыйлауға   тәрбиелеу.

12-сәуір ғарышкерлер күні

$
0
0

Қостанай облысы
Әулиекөл ауданы
Аманқарағай селосы
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
№2 Аманқарағай орта мектебі» ММ
Мектеп кітапханашысы: Бесенова Алтын Аубакировна

Тақырыбы: 12-сәуір ғарышкерлер күні

Через 5-7 лет казахстанцы будут ездить на электромобилях - Н.Назарбаев

$
0
0

АСТАНА. КАЗИНФОРМ - Через 5-7 лет все мы будем ездить на электромобилях, заявил сегодня Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев.

«Электромобили становятся нормальным явлением. Через 5-7 лет мы будем ездить на электромобилях. Естественно, потребление нефти снизится, потому что в мире автомобили потребляют 33% всей нефти», - сказал Н.Назарбаев в ходе XXIV сессии АНК «Независимость. Согласие. Нация единого будущего».

В пример Глава государства привел опыт зарубежных стран. «Я обращаюсь ко всем ученым, накануне открытия выставки «ЭКСПО-2017». Тема - «Новая энергия». В мире столько накоплено опыта в этом направлении. К примеру, Тайвань и Южная Корея очень сильно продвинулись в производстве электроэнергии за счет силы ветра и солнца. Вчера показывали первый самолет, который пролетел через Атлантику на одних только солнечных батареях. Если есть такие опыты, давайте внесем и покажем всему миру, что мы умеем по «зеленой» энергетике делать в Казахстане», - предложил Н.Назарбаев.

 

http://www.inform.kz/

 

Көшіруден көш бастайтын қытайлықтар электрокар шығарды

$
0
0

 

Көшіруден көш бастайтын қытайлықтар электрокар шығарды

Ғаламды озық үлгідегі техника билей бастаған заманда, Жапония, Қытай, АҚШ сынды алпауыт мемлекеттердің жаңа үлгіге сай болуы айқын білінді. Әлемді әр түрлі заманауи техникамен жабдықтаудан жалықпаған елдердің арасында бәсекелестік те пайда болды. Смартфондардың жыл сайынғы жаңалық ашуымен қатар, теледидарлардың теңдессіз дамыған түрі пайдалануға ыңғайлылығы, әрі әдемі көптеген озық қосымшаларымен таңқалдыруын тоқтататын емес.

Бүгін де тұрмыстық заттарды тұтастай игеріп үлгерген ғалымдардың ендігі кезегі электрокарларға келсе керек. Американың ғалымдары ойлап шығарған "Tesla" электр көлігі жұртшылықты таңқалдырғаны анық. Атақты өнертапқыш Никола Тесланың құрметіне қойылған көлікті тұтынушылар саны уақыт өткен сайын қоғамда артып келеді. Жаңа технологияға көз тіккен көшірме жасаудан көш бастайтын қытайлықтар да көштен қалуын доғарар емес. Өздерінің ақылды теледидарларымен және керемет смарт телеофондарымен атағы шыққан "LeEco" компаниясына енді "LeSEE" электрокөлігі де тиесілі. 

Компания директоры Цзя Ютин алғашқы жұмыстарын таныстыру барысында көліктің болашақта жүргізушісіз таксиқызметін де атқара алатынын тілге тиек етті. "Tesla"-мен бәсекеге түсуге дайын көліктің жарыққа шыққаныменен әзірге жаппай сатылуға шығуына ертерек. Себебі кішкентай ғана кемшіліктің компанияны үлкен шығынға батыратыны анық.

Жоғарғы сыныптарда пәндердің 30 пайызы қысқаратын болды

$
0
0

 

Қазақстанда жаңарған мазмұнға өту аясында жоғарғы сыныптардың оқу бағдарламасы қысқаратын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке сілтеме жасап.

"Жаңа бағдарламаға сәйкес, бұл биыл жүзеге асырылмайды, бұл төрт жыл бойында жүзеге асырылады, жоғары мектептерде оқу бағдарламаларының саны қысқарады. Қазір нақты сандарды келтіре алмаймын, бірақ шамамен 18-19-дан 14 пәнге дейін қысқарады. Сондықтан Президенттің тапсырғаны негізінде көп айтылды. Мамандармен жұмыс істедік және енгізіп жатырмыз. Яғни жоғары сыныптар үшін оқу бағдарламасы айтарлықтай 30 пайызға қысқарады, бірақ бірден биыл емес, келесі жылдан да емес, олардың жаңарған мазмұнға қалай көшуіне байланысты болады. Дәл осы жаңарған мазмұн пәндерді қысқартуға мүмкіндік береді", - деп мәлімдеді Сағадиев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясы аяқталғаннан кейін.

Еске салайық, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, 26 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында елдегі мектеп оқушыларының білім беру бағдарламасы бойынша өте көп пәндерді оқитынын айтып, оларды қысқартуды қарастыруды тапсырған болатын. "Мен бұл мәселеде маман емеспін, маған осы жайлы түсіндірді, яғни мамандар бар, олар осында отырады. Мысалы, қазақ тілі мен әдебиеті - бір пән қылуға бола ма? Әдебиет пен орыс тілінің грамматикасын, тарих пен географияны қосып жіберуге бола ма? Біз балаларға көптеген пәндерді тықпалай береміз, мұндай жағдай әлемнің ешбір елінде жоқ", - деді ол.


Толығырақ:https://kaz.tengrinews.kz

 


Корей қызы Instagram желісінде қазақстандықтардың есін шығарды

$
0
0

 

 

Оңтүстіккореялық әнші Hong Jin-Young Instagram желісінде қазақстандық қолданушылардың нағыз жұлдызына айналды. 

Алайда қолданушылар 30 жастағы қыздың даусына емес, концерттерінің бірінде билеген биіне назар аударып отыр. Оның жеңіл биі жастардың арасында көп тарап, тіпті қыздармен қатар жігіттер де оның биін кештер мен тойларда қайталап, видеосын желіге жүктеп жүр. 

 

Әншінің Instagram желісіндегі парақшасына көз жүгіртейік.

 


© instagram.com/sambahong
Толығырақ:https://kaz.tengrinews.kz

ҚР білім және ғылым министрі жазғы каникул, үштілділік және қазақ тілінің болашағы туралы

$
0
0

Білім беру жүйесі - сынға көп ұшырайтын саланың бірі және онда болып жатқан реформалар ауыртпалықсыз өткен емес. Биыл наурызда Қазақстанда ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2020 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Ал бұдан бір ай бұрын 10 ақпанда білім және ғылым министрі лауазымында отырған Аслан Сәрінжіповтің орнына Ерлан Сағадиев келген болатын. Қазір ата-аналар жолдаған петицияға Сағадиев бескүндік оқу аптасының енгізілуі, білім берудің үштілді жүйесіне көшуі және оқу жылының ұзартылуы туралы түсініктеме беріп жатыр. Бұл өзгерістердің бәрі білім беру мазмұнын жаңарту туралы мәселе қозғалған мемлекеттік бағдарламада қарастырылған. Біздің бүгінгі сұхбатымыз осы мәселелердің негізі қандай, жалпы бұл мәселер қайдан бастау алған, міне осы жайында туралы болмақ.

TENGRINEWS: Ерлан Кенжеғалиұлы, 1 қыркүйектен бастап, Қазақстан кезең-кезеңімен білім берудің жаңа жүйесіне көшпек. Осыған орай жаңартылған білім беру мазмұны туралы айтып өтсеңіз.

Ерлан Сағадиев:

80-ші жылдардың ортасында көптеген дамыған елдер білім берудің жаңа түріне көшу туралы қорытындыға келді. Ол білімнің санына ғана емес функционалдық сауаттылығына негізделуі тиіс болды. Яғни, адамның қаншалықты білімділігі емес, қаншалықты біліп, істей алатындығы және алған білімін қалай қолдана алатындығы маңыздылыққа айналып отыр. 1988 жылдан бастап ЭЫДҰ елдерінің бірінен соң бірі мектептерде жаңартылған білім беруге көше бастады. Бұл процесс 90-шы жылдардың ортасына қарай аяқталды. 1997 жылы елдер жаңартылған мазмұнды өлшеудің бірыңғай стандарты туралы шешім қабылдады, ол - PISA деп аталды. Осылайша Қазақстан да биылғы жылғы 1 қыркүйектен бастап барлық мектептерде 1-сыныптан оны енгізе бастайды. Енгізуге толық төрт жыл беріледі.

TENGRINEWS: Бағдарламада нақты қандай өзгерістер болмақ?
Е. Сағадиев:

Бұл мәселені екі тұрғыда түсіндіруге болады. Бірінші: тың игеру жылдары қанша гектар жер игерілді? Бұл ҰБТ-ға тәне сұрақ. Бұл мәселеде нақты даталарды, фактілерді және сандарды білу қажет. Екінші: сәуле мен толқынның арасалмағы қандай? Жауаптың нұсқалары: дыбыс және амплитуда, жылдамдық және жиілік және т.б. Бұлар жоғары оқу орнына түсу үшін тапсыратын фунционалдық сауаттылық тестінің қарапайым үлгілік сұрақтары. Бұл арада физиканың базалық білімі бағаланады, ең бастысы - баланың ойлауы мен логикасы. Осылардың бәрі - Болашақ ҰБТ сұрақтарының түрлері. Міне осы сұрақтар бұрынғы ескі мазмұнмен жаңартылған мазмұнның айырмашылығын көрсетеді.

TENGRINEWS: НЗМ-де оған түспес бұрын белгілі бір емтихан тапсырған балалар оқуда, оларда материалдық-техникалық база өте жақсы, мұғалімдердің жалақысы жоғары. Ал енді қарапайым мектептер жаңа бағдарламаны игеріп әкете ала ма?
Е. Сағадиев:

Біріншіден, бағдарлама бейімделген. 30 пилоттық мектептің бәрі қарпайым қатардағы мектептер, оның ішінде ауылдық және шағын жинақты мектептер де бар. Нәтижелер қалған мектептерде де бұл бағдарламаны толығымен игеріп кете алатынын көрсетіп отыр. Жаңартылған мазмұн сынақтан өткізілген және Назарбаев зияткерлік мектептеріне, 30 пилоттық мектепке енгізілген. Бұған біраз жылдар кетті, ауқымды жұмыстар жасалды. Білім берудің жаңартылған мазмұнын сынақтан өткізуге мониторинг өткізілді. Ата-аналар да балалар да риза. НЗМ-де конкурста 1 орынға 15 адамнан келеді. Атап айтқанда дәл осы бағдарламалар 7,5 мың мектепке енгізілмек.

Екіншіден, мұғалімдерге әдістемелік материалдардың толық ресурсы дайындалды, олар: оқу бағдарламалары, күнделікті сабақ жоспарлары, оқулықтар, мұғалімдерге арналған нұсқаулықтар, бағалау жөніндегі ұсынымдар. Бұл материалдардың барлығы жазғы біліктілікті арттыру курстарында мұғалімдерге берілетін болады.

Үшіншіден, бұл мектептердің материалдық-техникалық базалары сондай өзгере қойған жоқ. Мәселе оқулықтардың мазмұны туралы болып отыр. Әрине, мен сізбен толық келісемін, мектептерің материалдық базаларын жаппай жаңартып отыру керек, сатып алу керек, жақсартып отыру керек, бұл мәселені біз әкімдіктердің және Үкімет алдына қоятын боламыз.

Төртінші, НЗМ-нен 80 оқытушы тренер дайындадық. Олар қазіргі уақытта «Өрлеудің» (ұлттық біліктілікті арттыру орталығы) 540 оқытушы-тренерін және мектептің 140 оқытушысын оқытуда. 760-тан астам тренер бастауыш мектептің 73 мың мұғалімін жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша жаз маусымында оқытатын болады. Бұл жұмыс өңірлердің 280 мектебінде өткізілетін болады.

TENGRINEWS: Яғни, біз дайынбыз демексіз ғой?

Е. Сағадиев:

Иә, біз дайынбыз. Мұның бәрі бос базада істелініп отырған жоқ. Өткен үш жылда 52 мың оқытушы жаңартылған білім беру мазмұны бойынша біліктілікті арттырудың деңгейлік курстарынан өтті, олар еңбекақысына үстемеақы алады. Яғни, оқытушылар бәрін түсініп отыр, олар жан-жақты дайын. Жылдар бойы мықты дайындық жұмыстары жүргізілді. Ол өз жемісін беріп отыр, қазір балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамтуды жоғарлаттық, 5 жыл ішінде 36 пайыздан 82 пайызға көрсеткішті жоғарлаттық. 2019 жылға қарай қамту 10 пайыз болады, яғни балалар мектепке дайын боп келеді деген сөз.

"Жаңа министр келіп тағы да эксперимент жасады" деген түсінік қалыптасқан халықта. Бұл арада мен еліміз көптеген жылдар бойы жаңа мазмұнға көшуге дайындалған дер едім. Эксперименттік мектептерде жаңа бағдарлама бойынша оқыған балалар баяғыда оқуын бітіріп шықты. Президентттің тапсырмасы бойынша бұл жұмыс 15 жыл бұрын басталды. Маған дейін істеген барлық министрлердің жұмыстарын, бастамаларын толыққанды енгізу сәті менің үлесіме тиіп отыр. Баршамыз оларға үлкен рахмет айтуымыз керек.

TENGRINEWS: Сіздің бес күндік оқу аптасын енгізуге байланысты жазғы каникул уақытын қысқарту туралы мәлімдемеңіз халық арасында кеңінен талқыға түсіп, әртүрлі пікірлер туғызуда.
Е. Сағадиев:

Жаз - оқушылардың асыға күтетін мезгілі. Әрине сенбі де солай. Сенбіде дем алу болған жоқ. Бұл күн балаға да, ата-анаға да керек. Барлық өркениет елдер бір апта оқу жүктемесінен кейін толық дем алып, ата-анамен әңгімелесудің қандай маңыздылығы бар екендігін түсінеді. Бір күн бұған жетпейді. Біз отбасылық тәрбиеге, баланы қосымша дамытуға уақытты екі есе ұлғайтып отырмыз. Спортпен, музыкамен, өнермен айналысуға мүмкіндік көбейеді.

Жаңа бағдарлама сенбіні босатуға мүмкіндік береді. Жалпы алып қарасақ, бірінші сыныптан бастап сенбі есебінен 34 қосымша демалыс алады. Әрине мұғалімдер сағаттары үшін, өз пәндері үшін алаңдайтынын жақсы түсінемін. Бұл арада ешқандай алаңдаушылық қажет емес, елімізде мұғалімдер жетіспейді, халық саны өсуде, сондықтан ешкім жұмыссыз қалмайды. Қазір ең бастысы – бағдарламаны жаңарту және оқу сапасын көтеру керек.

Енді жазғы каникул туралы. Бастауыш сыныптар тек 30 мамырға дейін оқып, толық үш ай демалады. Негізгі және жоғары сыныптарда оқу жылы бар болғаны 10 оқу күніне ұзарады. Сондай-ақ, сенбі күндерінің есебінен 34 қосымша демалыс күндері болатынын ескерген жөн.

TENGRINEWS: Оқу жылын 10 күнге ұзартпай-ақ бес күндік оқуға көшуге бола ма?

Е. Сағадиев:

Оқу бағдарламасы бұл жүздеген әдіскерлердің, мұғалімдер мен ғалымдардың бірлескен жұмысының нәтижесі екенін түсіну қажет. Бала белгілі бір тақырыптар мен деңгейлерді меңгеруге тиіс. Мысалы, физика пәнін алып қарайық. Бағдарламаны қысқартқысы келетіндер: оптика бөлімін алып тастаңдаршы десе қалай болмақ? Бұл тақырыпты меңгермеген оқушы жарықтың қасиеті, жарықтың сынуы, оның спектрлерге жіктелуі туралы білмес еді. Әр деңгей алдыңғы тақырыптармен тығыз байланысты. Сегізінші сыныпта жақсы оқу үшін, жетінші сыныптың білімін толық меңгеруің қажет. Бәрі бір-бірімен байланысты. Артық ештеңе жоқ.

Мен өзім Алматы қаласындағы физика-математика мектебінде оқыдым. Жазғы каникул деген аты болмаса, демалуды білмедік. Жазғы каникулға Сканави жинағы бойынша 300 тапсырма берілетін. Бұны 90 күнге бөлетін болсақ, күніне кемінде 1 жарым сағат уақыт кетеді. Қазір бұған бір сәт те өкінбеймін.

Менің ата-аналарға айтарым: балаларды жақсы көріңіздер, бірақ олардың болашағы бүгін олардың қаншалықты тырысып оқитынына байланысты. Малкольм Гладуэллдың "Гении и аутсайдеры" кітабын оқыңыздар, онда адам өз ісінің шебері болу үшін оған 10000 сағат уақыт жұмсау қажет екені айтылады. Сонда бәрі түсінікті болады. Меніңше, бұл кітаптың аудармасы бар.

Оқытушылармен, директорлармен бұл мәселе бірнеше рет талқыланды. Сенбі күнгі демалыс олар үшін өте маңызды, бұл - олардың арманы.

TENGRINEWS: Қазақстанның үштілді білім беруге көшетіні туралы айтылғанына көп болды, бірақ кейбір сарапшылар, ата-аналар біздің мектептеріміз бұған дайын емес деген пікір айтып жүр.
Е. Сағадиев:

Әуелі, үш тілде білім беру көлемін түсініп алайықшы. Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап ешбір сыныпта үштілді оқыту енгізілейін деп жатқан жоқ. Бағдарламаға сәйкес тек 10 және 11-сыныптарда төрт пән (физика, химия, биология, информатика) ағылшын тілінде өткізіледі, оның өзі тек 2019 жылдан басталады. Бұл аптасына 8 сағат. Төртінші жылда ғана. Ал, қазақ тілінде оқытатын мектептерде математика, қазақ тілі, қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, география және басқа да пәндер қазақ тілінде өтеді. Барлығы 18 сағат. Қазір мамандар үшін айтып жатырмын. Егер тек инвариантты сағаттарды алатын болсақ, 22 инвариантты компоненттің 14 сағаты қазақ тілінде, оған дене шынықтыру пәнінің 3 сағатын қосыңыз. Сонымен қатар, таңдау бойынша пәндер бар. Орыс тілі мен әдебиеті, дүние жүзі тарихы оқыту тіліне қарамастан орыс тілінде оқытылады. Орыс тілінде оқытатын мектептердің жағдайы да осы шамада. Төртінші жылда ғана. Онда да жоғары сыныптарда.

Қалған сыныптарда бұрынғы базалық принциптер өзгермейді. Әрине, жоғары сыныптарда үш тілде білім алуға дайын болу үшін балалардың тіл үйренуге көбірек күш жұмсайтыны анық. Біз негізгі мектептерге де үш тілде оқыту мүмкіндігін береміз. Бірақ ол мектептердің дайын болуына қарай жүзеге асады. Мұғалімдерді жаппай даярлау осы жылдан басталады.

Шын мәнінде, өңірлерде көптеген жұмыстар атқарылуда. Шығыс Қазақстан облысының жетістіктеріне қараңыздаршы. Қызылорда, Ақтөбе облыстарында қаншама іс тындырылды. Біз жетістікке жететінімізге күманданбаймыз.

TENGRINEWS: Көптеген адам қазақ тілінің жағдайына алаңдаулы.
Е. Сағадиев:

Мемлекеттік тілді үйренуге басымдық берілген, солай бола береді де. Оның үстіне жаппай қазақ тілін үйрету міндетін қойып отырмыз. Үштілділіктің мәні де осында. Орыс тілінде оқытатын мектептерді қоса алғанда, барлық мектептерде қазақ тілі және әдебиетімен қатар Қазақстан тарихы да қазақ тілінде оқытылады. Белгілі бір тілде пәнді оқытпай сол тілді жете меңгеру қиын екеніне көзіміз жетті. 

Бүгінгі басты проблема қазақ тілі оқытылғанымен, мектеп бітірген балалар қазақ тілінде еркін сөйлей алмайды. Ол үшін әдістемені өзгерту қажет. Жұмыс екі бағытта жүргізілуде. Бірінші – оқытудың жаңа технологиялары. Елімізде бірнеше мамандар тобы осындай технологияны әзірлеуге кірісіп кетті. Бұл жөнінде толығырақ айтып береміз. Екінші бағыт – қазақ тілін үйрететін әлемдік деңгейдегі әдіскерлер даярлау. Біз әлемдік орталықтармен, атап айтқанда, Германия, Израиль және т.б. елдермен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бұл елдер біздің жас әдіскерлерімізді 6-12 айлық курстарға қабылдайтын болады. Кейін екі бағытты біріктіреміз. Осының бәріне бір жарым жыл кетеді. Біз 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі өзгере бастайды деп үміттенеміз. Негізгі міндет – 2020 жылға қарай барлық мектеп бітірушілерінің қазақ тілін еркін меңгеруі.

TENGRINEWS: Ал, ағылшын тіліне келсек, Қазақстанда ағылшын тілін білетін мұғалімдер жеткілікті ме?
Е. Сағадиев:

Қане, санап көрейік. Жоғары сыныпта төрт пәнді ағылшын тілінде оқыту үшін 32 мыңдай оқытушы қажет. Қазір елімізде 365 мың мұғалім бар. Егер әрбір жиырмасыншы мұғалім төрт жыл ішінде жаңа жүйеге икемделе алса, қажетті мұғалімдер санының жартысы қамтамасыз етілгені. Мен өз басым олардың саны бұдан да көбірек болатынына сенемін. Сондай-ақ, жыл сайын 12-13 мың жас маманды жұмысқа қабылдаймыз. Егер олардың үштен бірі ағылшынша білсе, қалған жартысын толықтыратын болады. Бізде үш жылдан астам уақыт бар. Әрине, біз қысқа мерзім ішінде педагогикалық білім беру жүйесін қайта құру бойынша қыруар жұмыс атқаруымыз қажет. Біз ағылшын тілінде докторантураны, магистратураны бірнеше есе көбейтуді жоспарлап отырмыз. Жалпы, мұғалімдерді даярлауға көп қаржы салынады.

Тілдерді оқытудың жаңа технологияларын естен шығармаған жөн. Егер бес мың мектепті (оқытушылардың 90 пайызы) интернетпен қамтысақ, бұл міндетті шешуге әбден болады.

TENGRINEWS: Жалпы, осының бәрі не үшін қажет, мақсаты не?
Е. Сағадиев:

Президентіміз неғұрлым дамыған 30 елдің қатарына кіру туралы мақсат қойды. Бұл – Эстонияның, Израильдің деңгейі. Яғни, бұл жерде жоғары технологиялық, жоғары білімді, халықаралық деңгейде сервис жүйесі дамыған қоғамға айналу туралы сөз болып отыр.

Гарвард аспиранттары әртүрлі тілдерде жазылған медицина оқулықтарын зерттей келе, кейбір тілдердегі оқулықтарда адам органдары туралы базалық ақпараттың 30 пайызы жоқ екенін анықтаған.
Мысалы, Сіз дәрігерге барасыз, бірақ ол сіздің барлық органыңызды біле ме. Қалай ойлайсыз? Сондықтан біз таңдау жасауымыз керек. Корея, Германия және Израиль елдері сияқты медицинаға сенім білдіру үшін медицина ағылшын тілінде болу керек. Төрегелді Шарманұлы Шарманов, Камал Сәруарұлы Ормантаев және т.б. сияқты белгілі ғалымдардың пікірін тыңдасақ, медициналық білімнің 30 пайызы бес жыл сайын жаңарып отырады екен. Ешбір ел мұндай ақпарат ағымына теңесе алмайды. Жаппай жаңа білімге көшуді жүргізуге ешбір елдің, ешбір бюджеттің күші жетпейді. Сол сияқты IT, жаңа материалдар, био және нанотехнологиялар, ұшақ жасау, робот техникалар мен бұдан әрі шексіздікке дейін. Өкінішке орай, жаһандану мемлекетке басқа таңдау жасауға мүмкіндік бермейді. Әлемдік зерттеулерді қарасаңыздар: халық ағылшын тілін жақсы білсе адамдардың табысы артып, жастардың жұмыссыздығы азайып, бизнес-климат жақсарады. Ал медиктер адамдарды бүкіл әлемдегідей ана тілінде қабылдауы қажет.

TENGRINEWS: Қазақстандық оқушылардың тілді меңгерудегі оқу жүктемелері шектен тыс көп болмай ма?
Е. Сағадиев:

Бәрі ғылыми зерттеулерге негізделуі қажет. Зерттеулер 7 жасқа қарай екі тілді және үш тілді балалардың миындағы нейрондық байланыс саны монотілділікке қарағанда неғұрлым жоғары екенін көрсеткен. Бұл қандай да бір қосымша білім берусіз. Бала туғаннан бастап барынша жүктемесі жоғары ортаға келеді және 7 жасқа қарай оның әлеуеті монотілді құрдастарына қарағанда жоғары болады. Баланың өзі оны байқамайды.

Бұл спорттағы сияқты: спортпен шұғылданатын бала жүктемеге үйреніп кетеді және оның бұлшық еттері тығызданып, күші көп болады, оның шыдамдылығы шыңдалады. Сондай-ақ оның миы автоматты түрде жаттығады.
Ағылшындар 20 жыл бұрын барша әлем ағылшын тілінде сөйлейтінін түсіне отырып, міндетті екінші тілден бас тартты. Бірақ зерттеулер нәтижелері жарияланғаннан кейін олар әрбір мектепке міндетті екінші тілді енгізді. Көп тілділік математикаға жақсы келеді. Жалпы, көп тілді балалар барынша табысты болады. Біздің балаларымыз әлемдегі көп тілділікке барынша дайын балалардың бірі екенін білесіздер.

TENGRINEWS: Балаларға 12 жасқа дейін ана тілін ғана үйрету қажет деген пікір бар.
Е. Сағадиев:

Мұндай пікір зерделеуді қажет етеді. Бұл әдетте Жапонияның тәжірибесіне сүйенеді. Жалпы алып қарасақ, әрине әдемі айтылған. Алайда, мұнда бірқатар жаңа проблемалар бар. Жапония -моноұлтты арал. Ал біз көп ұлтты мемлекетпіз, Еуразия орталығында 100-ден астам ұлт бар. Біздің балаларымыз туғаннан көп тілді ортада. Бұл бір.

Екінші. ЭЫДҰ зерттеулері оқу сауаттылығы жағынан қазақ тілінде оқытатын мектептің балалары орыс тілінде оқытатын мектептердегі құрдастарынан 1,5 жылға артта қалған. Бұл еліміздің ішінде. Монотілділік осындай артта қалушылыққа әкеледі. Біріншіден қазақ тіліндегі оқулықтар сапасын Жапонияның деңгейіне жеткізу қажет. Біз осымен жүйелі түрде айналысамыз. 

Үшінші. Жеке жоспар бар. Біз балаларымыздың болашақта Гейтс пен Цукерберг болғанын қалаймыз. Гейтс - IT технология бойынша әлем чемпионы. Әлем чемпионы болудың оңай емес екенін біз түсінеміз. Мысалы, мәнерлеп сырғанау бойынша 3 жастан бастап шұғылдану қажет. Монотілділік идеясын басқаша айтқанда бізге 12 жасқа дейін бокспен айналысып, одан кейін мәнерлеп сырғанауға көшіп, әлемді бағындыру ұсынылып отыр. Бұл қазіргі кезде қаншалықты шындық? Бұған жастардың өзі қалай қарайды? 

Төртінші. Бұл дәлелдің негізі - жастарды сақтандыру.

"Қазіргі жастар молшылықта өмір сүруге үйренген, бұл келеңсіз әдеттермен ерекшеленеді, беделді ұнатпайды, үлкендерді құрметтемейді, балалар үлкендермен дауласады, мұғалімдермен айтысады". Бұны кезінде Сократтың өзі айтқан. Осы уақытқа дейін қаншама ұрпақ өтті, сол кездің бәрінде де ата-бабаларымыз өздерінің балалары үшін алаңдаушылық білдіреді. Біздің балаларымыз әрқашанда да патриот болып қалады, өз Отанын сүйетін болады. Біздің міндетіміз: әлемдегі ең білімді адамдармен теңестіру.

TENGRINEWS: Сіз ашық хаттарға, петицияларға, өтініштерге қалай қарайсыз?
Е. Сағадиев:

Иә, барша халықтың пікірін тыңдап, оларды түсіну өте қажет. Біз - ашық министрлікпіз. Бүгін де проблемалар аз емес, сондықтан оны шешудің жолдарын жүйелі түрде қарастыру керек. Мен біріншіден ата-аналарға айтар едім. Білім - сіздердің балаларыңыздың тағдыры. Ертеңгі күні сіздердің балаларыңыз жоғары білімді болады немесе оның тағдыры көп жағдайда өз қолдарыңызда. Петицияларға қол қойған сәтте ойланыңыздар: ертеңгі күні сіздің балаңыз жұмыс таппаса ол ешкімге керек болмайды, сол кезде сіз аптап ыстықта оқымауға үгіттеген белсендіні қайдан табасыз? Сол кезде сіздің балаңыз сізге рахмет айта ма? Петиция болады, бірақ біздің халық негізінен өте сауатты, өз бетінше ойлануға қабілеті мол.


Толығырақ:https://kaz.tengrinews.kz/

Ер азаматтарды 7 мамыр мерекесімен құттықтау үшін жай ғана өзіңнің парақшаңда мерекелік аквагрим бар видео немесе фотоны орналастырып, селфи жасап нем

$
0
0

 

"Ер азаматтарды 7 мамыр мерекесімен құттықтау үшін жай ғана өзіңнің парақшаңда мерекелік аквагрим бар видео немесе фотоны орналастырып, селфи жасап немесе шағын видео түсіру жеткілікті. Акция #kzarmy және #7мамыр хэштегімен әлеуметтік желілерде бастау алады",-делінген хабарламада.

Кез келген қалаған адам әлеуметтік желілерде фото немесе видеосымен бөлісіп, туған-туысқандарына, достарына және әріптестеріне құттықтау гримінің эстафетасын ұсына алады. Аквагрим мейрам символы түрінде орындалып, қолға салынуы тиіс.

"Бұл идеяны қолдап, қорғаушыларымызды айрықша «жауынгерлік бояумен» бояп, құттықтағандардың арасында алғашқылардың бірі қазақстандық эстрада жұлдыздары Роза Рымбаева, Айгүл Иманбаева, Тамара Асар, Майра Ілиясова, Серік Ибрагимов, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы және тағы басқалар болды",-деп көрсетілген хабарламада.

Роза Рымбаева участвует в акции ко Дню защитника Отечества
МИНОБОРОНЫ КАЗАХСТАНА
Роза Рымбаева участвует в акции ко Дню защитника Отечества

 

Биыл Отан қорғаушылар күні 2016 жылдың тарихи атаулы датасы – Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің 25 жылдығы және «Мәңгілік ел» тұғыры – Қуатты Армия!» бірыңғай ұраны аясында өтеді.

Телеведущая Ляйля Султанкызы
МИНОБОРОНЫ КАЗАХСТАНА
Телеведущая Ляйля Султанкызы



Қазақстан жаңалықтары http://newskaz.kz

Үш-төрт жыл ішінде оқушылардың 90% -ы кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіледі, деп мәлімдеді ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

$
0
0

Үш-төрт жыл ішінде оқушылардың 90% -ы кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіледі, деп мәлімдеді ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

АСТАНА, 25 сәу – Қазақстан жаңалықтары АА.Үш-төрт жыл ішінде оқушылардың 90% —ы кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіледі, деп мәлімдеді ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

Министр Қазақстанда мектептер салу жалғасатынын хабарлады.

"Халық өсіп келеді, әсіресе оңтүстікте өсуде. Биыл 42 мектепті салып бастау жоспарлануда. Сонымен қатар, біз 3-4 жыл ішінде оқушылардың 90% —ын кең жолақты интернетпен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Қашықтан қолжетімділікте білім беру бұндай көлемде және бұндай сапада ешқашан берілмеген", — деді Сағадиев баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, әлемде бес жыл ішінде революция болды.



Қазақстан жаңалықтары http://newskaz.kz

ҚР БҒМ мұғалімдерге түсетін салмақты төмендетіп, оларды барынша қорғауға уәде беріп отыр

$
0
0

АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы кезде білім саласындағы жаңашылдықтарға қатысты қоғамда қызу талқылаулар жүріп жатқаны белгілі. Біреулері өзгерістер асығыстықпен енгізіліп жатыр десе, кейбіреулері бұл жаңа қадамдар өте дұрыс екенін және дер кезінде қабылданып жатқанын айтуда. Бұл ретте кеше Астанада ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев халық алдында есепті кездесуін өткізіп, жұртшылықты алаңдатқан сұрақтарға жауап беруге тырысты.

«Бұдан былай әрбір министр өз саласындағы жұмыс пен стратегиясы бойынша халыққа есеп береді. Бүгін маған Білім және ғылым министрлігі атынан алғаш есеп беру абыройы бұйырып отыр»,-деп тоқталған ведомство басшысы, өткен жылы білім беруді дамытудың онжылдық бағдарламасының бірінші кезеңі аяқталғанын, оның негізгі деңгейіне қол жеткізілгенін сөз етті.

Жаңартылған бағдарламаны енгізуге мектептерде ауқымды дайындық жұмыстары жүргізіліп, алты жылда жаңартылған мазмұнның моделі 20 Назарбаев зияткерлік мектебінде апробациядан өтті..

«100-ден астам мектеп осы жылдары экспериментте болды, 10 мыңнан астам бала жаңартылған бағдарламамен білім алды және қазіргі кезде оқып жатыр. Олардың көбісі мектепті, университетті тәмамдады, ал кейбірі бүгінде қызметке тұрды. Бағдарламаға балалардың, ата-аналардың және мүғалімдердің көңілі толып отыр. Жалпы, Президенттің тапсырмасы бойынша, жұмыстар 15 жылдан астам уақыт бұрын басталды. Сондықтан да, біздің даяр екендігімізге сенімді болу үшін 15 жыл жеткілікті мерзім деп пайымдаймыз. Осы ретте экперименттердің барлығы аяқталды деп ресми түрде мәлім еткім келеді», - деді Е. Сағадиев.

Жалпы министр өткен жылдарда білім саласында терең және нәтижелі жұмысты атқарған бұрыңғы министрлерге, әрiптестерiне және жалпы ғылым мен халық ағарту саласында iстеп жүрген қауымға алғысын айтты.

«Ендi жаңадан бекітілген 4-жылдық білім және ғылым дамыту мемлекеттік бағдарламасына тоқталатын болсақ, жаңа бағдарлама Президенттін «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, оның жеке маңызды тапсырмаларының негізінде жасалынған. Және осы саланың әлемдегі даму бағыттары ескерілген»,-деді ол.

Оның айтуынша, биыл Қазақстанда бюджет есебінен салынған 34 жаңа мектеп ашылады. Ұлттық қор қаржысы есебінен тағы 42 жаңа ірі мектептің құрылысы басталады. Осы орайда, үш ауысымдағы және апатты мектептерге байланысты проблемалар шешілмек.

«Елімізде халық саны артып келеді және бұл бағытта қандай шаралар атқару керектігі жайында жақсы түсініп отырмыз. Атап айтқанда, жаңа бағдарлама бойынша алты жасар өрендер міндетті түрде мектепке барады. Яғни, мектеп инфрақұрылымына жүктеме артып келеді. Сондықтан да біздің мақсат мектеп құрылысында мемлекеттің қатысуымен қатар, салаға жеке капиталды тартуға негізделген»,-деді Е. Сағадиев.

Бұдан бөлек, министр мырза мектептер мен жоғары оқу орындарын жоғары жылдамдықты интернетке қосу мәселесіне жеке тоқталды. Осы ретте биыл 2,5 мың мектеп қосылса, тағы 1,5 мыңы алдағы үш жылда қамтылады. Осындағы мақсат - 2020 жылға қарай кең жолақты интернетпен оқушылардың 90 пайызын, педагогтардың 90 пайызын және ЖОО студенттерінің 100 пайызын қамту. Болашақта интернет біздің білім беру инфрақұрылымының негізгі тұғырнамасы болмақ.

Сонымен қатар ведомство басшысы еліміздің барлық мектептерінде  үш тілде білім беру тақырыбында сөз қозғады.

«Не үшін үш тілдікті дамыту керек? Бүгінде білімнің, ғылымның, ақпараттың болашағы, сондай-ақ ұлттық бәсекеге қабілеттілігі ағылшын тілін білуге байланысты екеніне күмән жоқ. Тілді меңгеруді мектептен бастау керек. Осы ретте біртіндеп білім деңгейін жоғарылатып, жоғары сыныптарда пәндік оқуға көшу керек. Дегенмен де Қазақстанда үш тілділік білім беруді енгізу мән-жайының ең маңызын түсіну керек, яғни бұл қадам тұрғындардың қазақ тілін жаппай меңгеруіне басымдық береді. Қазақ тілін меңгерудің басымдығы болған және бола береді», - деп тоқталды министр.

Сондықтан Е. Сағадиев барша мектептерде қазақ тілі мен әдебиетінен бөлек, жоғары сыныптарда міндетті түрде Қазақстан тарихы мемлекеттік тілде жүргізілетінін атап өтті. Жаңартылған бағдарламаға сәйкес, орыс тілді мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін қазақ тілінде жүргізу 12 жылда 300 сағаттан астам деңгейге артады.

Сонымен қатар министр қазақ тілін оқыту әдістемесінде кемшілік бар екенін айта келе, бұл бағытта жұмыстар жүзеге асырылатынын жеткізді.

Мұнымен қоса ведомство басшысы биылғы 1 қыркүйектен бастап ешкім де пәндік үш тілділікті енгізбейтінін атап өтті. Тілдерді балалар оқиды, алайда пәндер өз тілдерінде жүргізіледі. Бағдарламаға сәйкес, тек 10 мен 11-сыныптарда және 2019 жылдан бастап, яғни тек үш жылдан кейін тек төрт пән ағылшын тілінде жүргізіледі. Атап айтқанда, химия, физика, биология, информатика ағылшын тілінде оқытылады, бұл тұрғыда аптасына 8 сағат қамтылады.

Қазақ тілінде білім беретін мектептерде математика, қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы, география және бірқатар өзге де пәндер қазақ тілінде оқытылады. Атап айтқанда, жалпы тілді емін-еркін меңгеруі үшін тиісті әдістемелер енгізілетін болады.

«Атқарылып жатқан жұмыстардың арқасында  2020 жылға қарай Қазақстанның барша халқы, яғни тек қазақтар ғана емес, сонымен қатар барша тұрғындары қазақ тілін түсініп, сөйлей алуы тиіс», - деп атап өтті Е. Сағадиев.

Есеп беру жиыны барысында қойылған сұрақтардың арасында мектептердегі қағазбастылық мәселесі көтерілді. Осы ретте жасалатын есептілік оқу орнының жұмысына кедергі келтіріп отырғаны айтылды

«Мұғалімдердің есептілік құжаттарын толтыру машақаты қиын мәселе, дегенмен де бұл бағытта елеулі жұмыстар атқарылды. Осы ретте 2016 жылдың қыркүйегінде мектептерде қағаз жүзіндегі есептілікке тыйым салу мақсатын алдымызға қойып отырмыз. Бұл тұрғыда жұмыстар үш бағытта жүріп жатыр. Біріншісі, ҚР БҒМ-ның ІТ-департаментін күшейтуге негізделген. Қазіргі кезде осы шаралармен айналысудамыз, қажетті мамандарды қабылдап, олардың қызметін кеңейтудеміз. Бұл өз кезегінде жекелеген мәліметтер базасын бірыңғай жүйеге біріктіруге мүмкіндік береді. Аталған жұмыстар есептілікке қатысты жағдайды нақты суреттеуге ықпал еттеді», - деді Е. Сағадиев.

Бұдан бөлек, Қазақстандағы әрбір ведомство мектеппен тікелей байланысып, есептілікті талап ету құқығына ие болған еді. Тиісті өзгертулер енгізіліп,  осы орайда заңнамаға сәйкес ҚР БҒМ мектептерден есептілікті талап ететін жалғыз орган болып табылатындығы туралы норма күшіне енді.

Үшіншіден, енді Білім және ғылым министрлігі талап ететін есептілікті ретке келтіруге мән беріледі. «Енді ақпарат алғыларыңыз келсе, мектепке бармайсыздар, яғни  министрлікке сұрау жасайсыздар. Осы ретте біз мұғалімдерді қорғаймыз. Біз өзіміздің ішкі есептілікті қысқартып, ретке келтіруіміз қажет. 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қағаз есептілікке тыйым салып, оның көлемін айтарлықтай қысқартуды көздеп отырмыз», - деді министр.

Айтпақшы, Е. Сағадиев ҰБТ-ға байланысты білім беру бөлімдері басшылары оқушылар мен мұғалімдерге қысым көрсетпеуі тиіс екенін ескертті. «Біз алдағы жылдан бастап мектеп және колледж түлектері бірыңғай ҰБТ тапсырады деп жоспарлап отырмыз. Ұлттық бірыңғай тестілеудің мазмұны өзгереді. Барша дамыған елдерде секілді ол функционалдық сауаттылыққа қарай бағытталады. Тест тапсыру бір ретпен ғана шектелмейді. Сондықтан да мектеп директорларына, білім басқармалары мен бөлімдеріне айтарым: ҰБТ енді сіздердің рейтингтеріңіздің бөлігі болмайды. Енді ол рейтингтеріңізге әсер етпейді. Сондықтан, мұғалімдер мен оқушыларға қысым көрсетпеулеріңізді сұраймын. Жоғара оқу орындары беретін жаңа білім ауқымын игеруі үшін бізге функционалды сауатты бала керек»,-деп түйді сөзін ведомство басшысы.

 

Автор: Руслан Ғаббасов

http://inform.kz/

Viewing all 224 articles
Browse latest View live