Quantcast
Channel: Мұғалімдер сайты
Viewing all 224 articles
Browse latest View live

Сағадиев мектептердегі ақша жинау мәселесімен қалай күресетінін айтты

$
0
0

 

Сағадиев мектептердегі ақша жинау мәселесімен қалай күресетінін айтты

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке қоғаммен кездесу барысында мектептердегі ақша жинау мәселесімен қалай күресетіні жайлы сұрақ қойылды.

"Ақша жинау қиын әрі маңызды мәселе. Білім және ғылым министрлігі қандай әрекет жасамасын, әрқашан жүйелі түрде ойлау қажет. Бұл ең бастысы. Бұл біріншіден. Екіншіден, бұл проблемамен біз жүйелі деңгейде айналысуымыз қажет. Әйтпесе, ешқандай шешімге келе алмаймыз", − деп бастады сөзін министр.

Ол министрліктің проблеманы шешуді неден бастайтынын айтты. "Біз проблемаларды жүйелеуден бастаймыз. Мен қазірдің өзінде үш үлкен проблеманы көріп тұрмын. Біріншісі мектептердегі аттестациялау. Аттестацияның жұмыс істеу тәртібін өзгерту керек. Қайта қарау қажет. Шетел мамандарын жұмысқа тартып, жаппай аттестациялаудан бақылауға дейін қадағалау керек", − деді Сағадиев.

"Екіншісі бізге ақша жинаудың және демеушілік көрсетудің не екенін түсіну керек. Егер сіздер батыс елдерінде болсаңыз, атауы жоқ ғимараттарды көрмейсіз. Барлық ғимараттарды біреулер соққан немесе сыйға берген. Жоғары оқу орындары, кітапханалар. Барлық жерде тақталар ілінген. Биыл біз осы бағытта алғаш рет қадамдар жасап отырмыз. Біз робототехникалар лигасын құрдық. Келесі жазда бірінші финал өтеді. Сондықтан біз әкімдікті, демеушілерді, жоғары оқу орындарын мектептерді робототехникаға арналған жабдықпен қамтамасыз етуге ат салысуын сұраймыз. Бізде мұндай жабдықтармен Назарбаев Интеллектуалдық мектептері қамтылған", − деп жалғастырды сөзін министр.

Оның айтуынша, енді үлкен компаниялар мен жоғары оқу орындары өздерінің класстарын атымен атай алады. Ол Назарбаев Интеллектуалдық мектебіндегі (Samsung компаниясы сыйлаған) Samsung robotics klass деп аталатынын роботехника сыныбын мысал ретінде келтірді.

"Біз ақша жинау мәселесі бойынша бірнеше бағытта жұмыс жасайтын боламыз, болмай жатса аудандық, қалалық білім бөлімдері арқылы проблеманы шешуге тырысамыз. Бір жағынан біз жеке меншік капиталдың мектептерге барып, мәдениетті түрде осы мәселені шешуге көмектескенін қалаймыз", − деп қорытындылады министр.

 

Дереккөз: tengrinews


Балаларға қатал қарау семіздікке алып келеді

$
0
0

 

Балаларға қатал қарау семіздікке алып келеді

АҚШ-тың Айова штатындағы Мемлекеттік университет мамандары балаларға қатал қарау олардың семіздікке шалдығуына алып келетінін анықтады.

Мұндай тұжырымды жасамас бұрын ғалымдар 451 отбасындағы ата-анасының балалармен қарым-қатынасы түсірілген бейнежазбасын зерттейді. Мамандар әке-шешесінің балаға көзқарасын анықтап алып, кейін баланың денсаулық жағдайын бақылауға алады. Белгілі болғандай, ата-анасы қатал қараған отбасының балалары семіздікке душар болған. Тіпті туған үйінен бөлек шыққанның өзінде ол артық салмақтан арыла алмаған. Осыған байланысты мамандар баланың дені сау болуы үшін тым қатал болмауға кеңес береді.

Дереккөз: inform.kz

Отан қорғаушылар күніне арналған ең мықты құттықтау (видео)

$
0
0

 

Отан қорғаушылар күніне арналған ең мықты құттықтау (видео)

7 мамыр, Отан қорғаушылар күніне орай бала-бақша тәрбиеленушілері ер азаматтарды ерекше жолмен құттықтады. Балалар видеода Отан алдындағы борыштарын өткізген кейіпте шығады. Олар әскери адамдардың күнделікті жасайтын істерін қайталап, солдат болудың оңай еместігін айқын байқатады. Видеоның соңында балалар жақындарынан хат алып, барша ер азаматты Отан қорғашылар күнімен құттықтайды.

 

 

Озық технология озат болуға әкеледі (Видео)

$
0
0

 

Озық технология озат болуға әкеледі (Видео)

Қоғамның алға қарай қарыштап дамуына озық үлгідегі техникалардың тигізер пайдасы орасан зор. Әр істі уақытында орындап, қиындықтың алдын алу әрекеттері қарастырылса кәсіптің көзі жылдам ашылады. Сонау сан ғасырды артқа тастап, жаһандану дәуіріне келсек те, ауыл шаруашылығы бұл қоғамнан бір елі қалған емес. Қайта қозғаушы күштері қайтадан жөңделіп, жұмыстың тиімді жағы көптеп қарастырылған.

Жер жырту, дәнді-дақылдарды мезгілінде жинау, көлшіктерді тазалау сынды бұрын-соңды үлкен күш пен көптеген техниканы жұмылдырудың арқасында ұзақ уақытта атқарылатын жұмыстар бүгінде ғалымдардың ғажайып техникаларының арқасында уақытты үнемдеп, тиімді жұмыс жасауға жол ашты. Шет елдің шаруашылығына кірісіп үлгерген заманауи ауылшаруашылық техникалары болашақта біздің елде де қызмет атқаратын болады. Өйткені  ол елімізге нағыз керек көлік. Заманға сай құралдармен жабдықталып, жұртшылықты таңғалдырған ауылшаруашылық тракторы, жүк тасымалдаушы көліктер мен көптеген озық техниканы назарларыңызға ұсынамыз. 

Тарихты арашалау. Репрессияның құрбаны Ұзақбай Құлымбетов жайлы не білеміз?

$
0
0

 

 

Қазақ халқында ХХ ғасырдың бірінші жартысы "ақтаңдақ жылдар" деген теңеумен айтылып жүр. Бұл тегіннен емес. 1930-1933 жылдардағы аштық халық санын еселеп қысқартса, 1937-1939 жылдар қазақ халқының бас көтерген зиялы қауымын қуғын-сүргінге салды. 1925-1933 жылдар аралығында Қазақстан Компартиясының ОК бірінші хатшысы болған Филипп Голощекиннің ұранымен қазақ халқының негізгі тұрмыс салты - мал шаруашылығын тәркілеу саясаты елге нәубет әкелді. Біз сол саясаттың қалай жүзеге асырылғанын, қазіргі тарихшы ғалымдардың "ұлы террор" деп атап кеткен оқиғаға кімдердің кінәлі екенін, сонымен қатар, ең бастысы осы саясатқа бірінші болып қарсы шыққандардың аты-жөндерін білмей келеміз. Әйтсе де, ақтаңдақ жылдардың ақ-қарасын танитын осы біз, келесі ұрпақ емес пе едік? Ендеше сол арыстардың бірі әрі бірегейі, қоғамдық және саяси қызметі Қазақстан тарихының күрделі де қайшылықты кезеңіне тұспа-тұс келген - Ұзақбай Құлымбетов.

Қазақ Кеңес республикасын құрушылардың бірі болып, оның аяққа тұруы жолында орасан зор еңбек етіп, алайда, ұлтты жоюды көздеген билеушілердің бұйрығынан өзінің ұлттық мүддесін жоғары қойып, "Халық жауы" деп атылған ірі мемлекет қайраткері Ұзақбай Құлымбетовтің туғанына биыл 125 жыл толды. Біз осы мақсатта өмірі қайранда қиылған қайраткер жайлы мәліметтерді жинай келе, мұның бір мақаланың өресіне сыймайтынын аңғардық. Қарапайым отбасыдан шығып, мұндай батыр, шешен, ғалым, басқарушы бола білген тұлғаны еш ұмытуға қақымыз жоқ. Ал БАҚ беттерінде оны жастарға үлгі тұтуымыз қажет. Бұл тұжырым сөздерді әрине, тарих ғылымының докторы, профессор Талас Омарбековтің, тарих ғылымының докторы, профессор Мәмбет Қойгелдінің, тарих ғылымының докторы, профессор Көшім Есмағамбетовтің және тағы да басқа қайраткерлердің мәліметтеріне сүйеніп, айтып отырған жайымыз бар.

Ұзақбай Желдірбайұлы Құлымбетов 1891 жылдың 18 наурызында Ырғыз уезі, Аманкөл болысында дүниеге келген. 1910 жылы Ырғыздың екі сыныптық орыс-қазақ училищесін, 1912 жылы Ақтөбе мұғалімдер семинариясын бітірген соң, Ырғыз, Торғай ауылдарында мұғалімдік қызметте болады. 1919-22 жылдары  Ырғыз революциялық комитетінің төрағасы, сол жылы құрылған Ақтөбе губерниясының әлеуметтік қамсыздандыру бөлімін, артынан губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі қызметтерінде болды, губкомның бюро құрамына енгізілді. 1923 жылы Ақмола губерниялық атқару комитетінің төрағасы болған. 1925-37 жылдары Қазақ АССР Халық шаруашылығы кеңесінің төрағасы, Қазақ Өлкелік ішкі және сыртқы сауда халық комиссары, мемлекеттік Жоспарлау комиссиясының төрағасы болып жүріп, Қазақ ССР халық комиссарлар кеңесі төрағасының орынбасары, 1930 жылы бірінші орынбасары, кейін Қазақ Өлкелік Орталық Атқару Комитетінің (КазЦИК) төрағасы қызметтерінде болған. Республикадағы өнеркәсіптің және ауыл шаруашылығының қалыптасуына, Түрксіб теміржол құрылысының салынуына, Қазақ жеріндегі алтын кеніштерін қазақ еліне қайтару туралы мәселе көтерген. Қызылорда, Алматы қалаларының астана болып қалыптасуына тікелей басшылық жасап, астананың Қызылордадан Алматыға ауысуына байланысты комиссияның төрағасы болды, Ұ.Құлымбетовтың кезінде Қазақ автономиялық республикасы Одақтың республика мәртебесін алды. Қазақ ССР конституциясы бекітілді.

Біз осы ретте, Ұзақбай Құлымбетовтың өмірі, мінезі, қандай қызметкер болғаны жайлы түрлі сенімді архивтік құжаттан ресми деректерді келтіре отырып, оның болмысын еске алғымыз келді. Ердің ісін нақты дәлелдермен көрсетуге тырысып көрейік. 1933 жылдың 10-16 шілде аралығында өлке комитеті пленумындағы Құлымбетовтың не дегенін біз білеміз бе? "Өлкелiк ко­ми­теттiң соңғы пленумында Ораз екеумiз Голощекинмен табандат­қан үш күн бойы айтысып, әуре болдық. "Пленумнан кейiн обком хатшыларының арнаулы мәжiлiсiн шақырайық, сонда олардың ауыл қамын жемей отырғандарын айтайық", - дедiк. "Осының бәрiн обком хатшыларының өздерiне әдейiлеп ескертейiк", - деп қолқа салдық. Амал не, мұндай мәжiлiстiң шақырылу қажеттiгiне Голоще­киннiң көзiн жеткiзу өте қиын болды. Ақыры оның бiзге айт­қан сөзi мынадай: "Маған не қыл дейсiңдер. Көшпендiлiк - бұл ел­дiң ежелгi тұрмыс-салты. Мұ­ны бiр мәжiлiсте сөз еткенмен, оны тоқтата аласыңдар ма?". Қайдағы ежелгi салт десе­ңiзшi? Қазақ малын айдап, дү­ние-мүлкiн артып алып, көшiп жүрсе, бiр сәрi. Ал ендi тамақтан тарығып, аштықтан азып-тозып қала-қаланы, темiржол стан­саларын, базар-базарды кернеп тентiреп жүрсе, ол ежелгi тұрмыс-салты емес, қиын­шылықтан ғой. Ежелгi тұрмыс-салтымен мұның үш қайнаса сорпасы қосылмайтыны анық". Бұл сөздерді Ұзақбай Құлымбетов билік басында отырғандардан да сескенбей, ашық айтып отыр. Осыдан кейін тарих ғылымының докторы, профессор Талас Омарбековтың "Оны Т.Рысқұлов, О.Жандосов, Н.Нұрмақов сияқты қайраткер­лердің қатарына қосу керек", - деген сөзі де бос айтылмағанын аңғарамыз.

Бүгінде аты көп аталмайтын, бірақ Голощекиннің төңірегінде қалыптасқан партия, кеңесте өзі қызмет ете тұра, өз ұлтының мүддесін бірінші орынға қоя білуі арқылы оған бірінші болып қарсы шыққан Құлымбетовтің бұл әрекетін нақты тарихи құжаттардан байқауға болады. Мұндағы мәселе - дәл сол нәубет жылдары билік басында болғандарды қарадай қаралай беретіндер мәселенің мән-жайына үңілмейтіндер. Әйтпесе қайраткердің мына сөзінен не ұғуға болатынын ойлап көріңіздер: "30-шы жылдың мамыр айынан бастап, 34-ші жыл түгелі­мен мен Қазақстан халкомы Төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқардым. Өмірімнің бұл кезеңінің алғашқы жартысы (30-31-32 ж.) Қазақстан өлкелік басшылығының, совет және партия ұйымдарының жіберген қателіктері салдарынан ауыл мен селодағы асыра сілтеушілікке тұспа-тұс келеді. Мен Өлкелік Комитеттің және оның хатшысы Ф. Голощекиннің ауылды басқарудағы әдістеріне алғашқылардың бірі болып қарсы шықсам да, Өлкелік Комитеттің Бюро мүшесі ретінде жіберілген қателіктерге жауап беремін". Сондай-ақ ол Өлкелік Комитеттің VI Пленумында (1933 жылғы шілде), VIII конференциясында (1934 жылғы қаңтар) сөйлеген сөздерінде өзіне тән турашылдығымен Қазақстан трагедиясына қатысты басқа қайраткерлердің де атын атап, қателіктерін дәл көрсетіп берді.

Ал профессор Закратдин Байдосов ол жайлы былай деп пікір білдіреді. "Ұзақбай Құлымбетовтің неғұрлым батыл, халық ісіне шын берілген, біртуар тұлға екендігіне мынадай мысал келтіруге болады. Ол 1936 жылдың қыркүйегінде Қарағанды обкомының бірінші хатшысы Пинхасикке, облаткомның төрағасы Асылбековке талай мыңдаған адамдар үшін тар қапасқа айналған, бүгінде дүйім жұртшылыққа белгілі "Карлагтың" жерін Шет ауданының колхоздарына беру жөніндегі ұсынысын жолдайды. Ұ.Құлымбетов "Карлаг", "Алжир" сияқты өлім лагерьлерінің Қазақстан жеріне қоныс тепкендігіне қарсы болады. Бірақ, бұл тұста күш НКВД жағында еді, олардың ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болатын".

Мына бір оқиғаға да үңіліп көрсек. 1936 жылдың 10 қаңтарында Халық шаруашылығы комиссарлар кеңесi қазақ даласындағы жағдайды түзеу үшiн Моңғолиядан асыл тұқымды түйе әкелуге қаулы қабылдайды. Қаулыны iске асыру үшiн КазЦИК Төрағасы Ұзақбай Құлымбетов Мәскеудегi Тұрар Рысқұловпен ақылдасып, түйе малының жағдайын жетiк бiлетiн маман ретiнде Тел Жаманмұрынов бастаған шағын топты Мәскеуге шұғыл аттандырады. Бұлар 8 ай сапарда болып, Моңғолиядан 8 мың бас қызыл нарды Қазақстанға әкелдi. Мақсат -“голощекиндiк саясаттың” нәтижесiнде аштықтан қырылып, ауа көшкен қазақтың қалған бөлiгiн жартылай көшпелi мал шаруашылығын дамыту арқылы сақтап қалу болады. Алайда 1938 жылдың жазында "халық жауы" деген айыптаумен қазақтың талай беткеұстар тұлғасы қамалып, атылып кетті. Сол тұлғалардың көш басында Ұзақбай Құлымбетов тұр едi.

Енді осы қамалу, атылу оқиғасына назар аударайықшы.Ырғыздағы Ыбырай Алтынсарин ашқан екi кластық орыс-қазақ мектебiнiң 1907 жылдан бастап директоры болған И.Ф.Киселев бiр кезде өзi оқытқан шәкiрттерi Ұзақбай Құлымбетов пен Тел Жаманмұрыновты "Бұларға күдiгiм бар, Моңғолияға барғанда астыртын жапон тыңшыларымен байланыс жасап, Қазақстанды Одақтан бөлiп әкеткелi жүр" деген күдiк айтып, Мирзоянға, "Үштiкке" өз қолымен хат жазып, оққа байлайды. Кейiн осындай күдiк-хатты Темірбек Жүргеновке де жазып, қамауға алынуына тiкелей себепкер болды.

2011 жылы "Жас алаш" газетінде "Құлымбетовтiң белгiсiз бейнесi" атты көлемді мақала жарияланды. Мақала авторы Баян Сәрсембина Құлымбетовтің озбыр саясаттың құрбанына қалай айналғанын баяндайды. Автор қайраткердің адамдығын көрсететін түрлі мысалдарды жіпке тізгендей көрсетіп береді. "Бiрiншi - 1912-18 жылдары тұйықтағы ауылда ауыл мұғалiмi болып саясаттан аулақ, ел аузындағы аңыз-әңгiме, жыр-дастандарды жинаумен айналысқан Ұзекең 1918 жылы ұстазы И.Ф.Киселев құрған Қызыл партизан отрядына мүше, әрi аудармашы болып қызмет жасаған. Шалқар маңындағы Жылтыр түбiнде қарапайым кедей ша­руа­ның соңғы атын тартып алған И.Ф.Киселевтiң озбырлығына шыдамай, төбелесiп қалады. Осы араздықты И.Ф.Киселев өмiр бойы кек тұтып, 1937 жылы Ұ.Құлымбетовтi және оның жақтастарын қаралап, өз мүддесiне пайдаланды. Әрине, И.Ф.Киселевтiң барлық iс-қимылы жоғарғы жақпен ойластырылып, iске асырылғаны сөзсiз", - деп жазады автор.

Ұзақбай Құлымбетовтің қазақ халқының тарихына қандай өзгерістер әкелгенін тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Қойгелді түсіндіріп берді. "Ұзақбай Құлымбетов күрделі тарихи кезеңде өмірге келіп, қатардағы ауыл мұғалімінен қазақ мемлекетінің басшысы дәрежесіне дейін көтерілген бейнеті мол жолдан, бірақ азамат, қайраткер үшін қайталанбас жолдан өтті. Қиын-қыстау кезеңде туған халқының, еңбекші бұқараның болашағы үшін күрескен қайраткер ретінде ол республика тарихында өз орнын сақтап қалатындығы сөзсіз", - деп білдіреді тарихшы қайраткер жайлы ойын.

Алаш қозғалысының төл перзенті, Алаш идеялары мен мұраттары аясында қанаттанған, қазақ, өзбек және басқа да түркі халықтарының ұлттық бостандығы үшін күресінің стратегиясы мен тактикасын айқындаған қайраткер Мұстафа Шоқаймен сол дәуірде билік басында болған Ұзақбай Құлымбетов қалайша байланыс орната алды? Елестетіп көріңіз, Кеңес Үкіметінің қыз-қыз қайнаған шағында Мұстафа Шоқай есімін атау қылмыспен пара-пар болды. Адамның туыс-тамырсыз болмайтыны анық. Сол Мұстафа Шоқайдың туыстарына қиын-қыстау кезде көмектескен кім деп ойлайсыз? Ол Ұзақбай Құлымбетов. Бұл жайлы тарихшы, профессор Көшім Есмағамбетов былай дейді. " (...) Мұстафа Шоқайдың туған жерінде болып, туыстары­мен кездескен едім. Әңгіме барысында олар М.Шоқайдың туысы ретінде кезінде қуғын-сүргінге ұшырап, көп қиындық көргендерін айтты. Ол кісілерден естігенім, сол кезде басшылық қызметтер атқарған Ұзақбай Құлымбетовтің сол Мұстафа Шоқайдың туыстарына әртүрлі мәселелер бойынша көмектескен, жәрдем берген кезі де болыпты. Яғни бүкіл ел-жұрт Мұстафадан "жау" деп сырт айналғанда, Ұзақбай Құлымбетов жоғарғы шеніне, қызметіне қауіп төнеді деп қорықпастан, оның жазықсыз жапа шеккен туған-туыстарына мүмкіндігінше қол ұшын берген. Мұның өзі Ұ.Құлымбетовтің адамгершілігі зор, ақыл-парасаты биік тұлға болғанын көрсетеді". 

Аяулы тұлғаның артына түскендер жалған жала жауып, ол 47 жасында атылды. КПСС Халық комиссары Ежовтың №447 шұғыл бұйрық бойынша жүзеге асқан "үлкен террордың" ең бірінші құрбанының аяусыз оққа ұшқан күні 1938 жылдың 25 ақпаны болатын. Сонда, осыдан 78 жыл бұрын Ұзақбай Құлымбетов бастаған он тоғыз комиссар атылды. Олардың мүрделерін қапқа салып, түн ортасында Алматыдан отыз шақырым жердегі Боралдай деген сайға лақтырып-лақтырып кеткен. Іс осымен бітіп, жабулы қазан жабулы күйде қалады, тірі жан көрген жоқ, ешкім білмейді деген оймен сенімді түрде кете барған. Алайда тұрмыстың ауыр кезі, жергілікті тұрғындар ішер ас, киер киімге жарымайды, солар бір күні ойламаған жерден әлгі мүрделердің үстінен түседі. Өздері жалаңаяқ жүрген байғұстар әлгілердің етіктерін олжа санайды екен. Сөйтсе, олар байқамаған екен, етіктер биттеп кетсе керек. Содан сатып құтылайық деп базарға апарса, сол жерде ұсталады ғой. "Мынадай биттеп кеткен етікті қайдан алдыңдар?" деген айғай соңы, не керек, 19 комиссар денесі жатқан жерді әшкерелейді. Әрине, бұл жайт еш жерде ашып айтылмаса да, халықтың есінде қалған. Атылған жылы жан жары Әйеш те тұтқындалып, он жылға "Карлагқа" айдалады. Балаларына "халық жауының балалары" деп, сол заманның кері артылады. Қайранда кеткен қайраткердің өмірі жайлы негізгі дерек осындай.

ТҮЙІН: Біз танып-білмей келген мәліметтердің дені осы. Алайда архив құжаттарының әлі де толық ашылмағанын ескеруіміз керек. Мұндай ірі тұлғаның ісіне шам ала түсіп, архивтегі құжаттарды ақтаратын мамандардың алдында даңғыл жолдың ашылатыны көңілге медеу. Сондықтан да тарих қатал, аяусыз болуы мүмкін, бірақ ол ешқашан да жалған болмайды. Солай деп сенуіміз де, сол үшін еңбектенуіміз де керек.


https://kaz.tengrinews.kz

Более 4 тысяч выпускников Астаны будут сдавать ЕНТ в этом году

$
0
0

АСТАНА. КАЗИНФОРМ - До Единого национального тестирования осталось совсем немного времени. Согласно приему заявок, 4106 столичных школьников будут сдавать главный экзамен в этом году. Сейчас среди учащихся проводят городские пробные тесты. Кроме того, в школах учителя ведут дополнительные занятия и обращают внимание на индивидуальную психологическую подготовку каждого выпускника.

Накануне ЕНТ с учителями, родителями и выпускниками школ проведена информационно-разъяснительная работа. Помимо пробных тестов проводится онлайн-тестирование с использованием электронной системы анализа результатов Sar Edtech, которая помогает получить индивидуальную карту с анализом результатов каждого учащегося. Это дает возможность проводить индивидуальную работу с каждым школьником, видя его ошибки и недочеты, отметили в столичном акимате.

Традиционно выпускники столичных школ будут сдавать единый экзамен на базе Евразийского национального университета им. Л. Н. Гумилева, Казахского гуманитарно-юридического университета и Казахского агротехнического университета им. С. Сейфуллина. Тестирование будет проходить с 1 по 7 июня. На его проведение, как и прежде, отводится три с половиной астрономических часа (210 минут).

Из общего числа учеников, которые будут сдавать ЕНТ, 196 человек могут стать обладателями медали «Алтын белгі» и 89 - обладателями аттестатов особого образца.

Напомним, что учащиеся, которые не наберут пороговый уровень (50 баллов), смогут повторно сдать главный национальный экзамен на платной основе. Стоимость пересдачи составит 2242 тенге. Пересдача пройдет в августе. Для участия нужно подать заявление в вуз, предъявить четыре фотографии 3х4, удостоверение личности и аттестат об окончании школы.

Не смогут пересдать ЕНТ те, кто набрал проходной балл для поступления в университет, но хочет улучшить результат. К примеру, если по какому-либо предмету выпускник получил «2», но набрал пороговое количество баллов, ЕНТ пересдать он не сможет.

 

kazinform.kz

Эссе "Ізгілік педагогикасының классигі"

$
0
0

                                                                                «Павлодар  қаласының №33         

                                                                               жалпы білім беру мектебі» ММ  

                                                                Биология  және өзін-өзі тану  пәні мұғалімі                

                                                                             Гүлназ Әбубәкірқызы Қожакеева 

                    Ізгілік педагогикасының  классигі

                                         Эссе

 

                                                                  "Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста"

                                          

Осы сөздерді айтқан қазақтың бас ақыны , халықтың мақтанышы Абай Құнанбаев болатын. Ол қолына қалам алып , қазақтың рухын көтерген дана адам.

Әлем және қазақ музыка әдебиеттерінен тест

$
0
0

Тест сұрақтары

Әлем музыка әдебиеті

2-3 сынып,     І-нұсқа

 

Барокко дәуірінің әйгілі скрипкашысы?


В в дыбысы мен әрпі

$
0
0

Жыл сайын мұғалімдерді қайта даярлау курстарынан өткізу үшін 10 млрд теңге бөлінеді

$
0
0

 

Жыл сайын мұғалімдерді қайта даярлау курстарынан өткізу үшін 10 млрд теңге бөлінеді

 

Ең алғашқы пікірді Сіз жолдаңыз! Жыл сайын ел мұғалімдерін қайта даярлау курстарынан өткізу үшін мемлекет қазынасынан 10 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері орталық коммуникациялар алаңында мәлім етті.

 

Мұндай тәжірибе 2012 жылдан бері қолданылып келеді. Биыл бұл қаражат 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу аясында жаратылмақ. Республика бойынша барлығы 91 мыңнан астам мұғалім курстан өтеді. Үш тілде білім беру жобасын жүзеге асыру үшін 675 ұстаз химия, биология, физика және информатика пәндері бойынша ағылшын тілінде 4 айлық курстан өтеді

 

Эльмира Сұханбердиева, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары: - Қазір еліміздің білім беру жүйесінде барлығы 325 мың мұғалім жұмыс істеп жатыр. Жаз басталғалы 84 облыстық мектептегі 680 ұстаз шет тілін меңгеруге кірісті. Алдағы уақытта әр жыл сайын бес мың екі жүз маман 4 айлық курста білімін шыңдайды деп күтілуде.

Источник: http://24.kz/

Қайта кешенді тестілеуге құжаттар 1 тамыздан бастап қабылданады

$
0
0

Қайта кешенді тестілеуге құжаттар 1 тамыздан бастап қабылданады

Қайта кешенді тестілеуге құжаттар 1 тамыздан бастап қабылданады. Бұл туралы бүгін ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ләззат Бөлебаева мәлім етті.

Оның ақпараты бойынша, тестілеу барысында шекті 50 баллды 14 252 түлек жинай алмаған.

«Ағымдағы жылы шекті деңгейден өте алмаған түлектер ЖОО-ның ақылы бөліміне түсу үшін, қайта кешенді тестілеуден өтуге құқылы. Аталған тестілеу түріне қатысу үшін өтініштерді қабылдауды ЖОО қабылдау комиссиялары 1-і мен 8  тамыз аралығында жүзеге асырады. Тестілеу 19-24 тамыз аралығында өткізіледі», - деп атап өтті ол бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Оның мәліметтері бойынша, биыл ең жоғары 125 баллды 19 бала жинады. 2015 жылы 5 мектеп түлегі ғана жинаған болатын. 100 баллдан астам жинаған балалар саны - 16 565. 

 

Дереккөз:inform.kz

ҰБТ-дан 0 балл алған түлек жайлы толығырақ мәлімет белгілі болды

$
0
0

Иллюстрация. © Tengrinews.kz

ҰБТ-дан 0 балл алған түлек жайлы толығырақ мәлімет белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық тестілеу орталығындағылар оқиғаның Көкшетау қаласында болған айтады.

"Ол қағазында ешбір жауапты белгілемеген. Жәй ғана отырған. Біз сұрақ кітапшасын қарадық, онда кейбір сұрақтардың жауабы белгіленген - 13-14-і ғана. Жарты сағат қалғанда ол сұранып, әжетханаға кірген. Ереже бойынша аяқталуға бір сағат қалғанда ешкім ешқайда шықпайды. Ол кетіп қалды. Осыдан кейін кезекші оның сұрақтар кітапшасын алып, жауап парағын оған қайтармады", - деп хабарлады Көкшетау мемлекеттік университетіндегі Ұлттық бірыңғай тестілеу пунктінің жетекшісі Бауыржан Рақымжанов телефон арқылы.

"Жауап парағы толтырылмаған күйі қалды. Ол аудиторияға оралды. Бірақ ол тестілеу аяқталуға бір сағат қалғанда шықпауы тиіс еді. Ол аудиториядан шығып кетті", - деді ол.

ҰБТ аяқталғанда түлек апелляцияға берген. 

"Аяқталуға бір сағат қалғанда оның шығуға құқығы жоқ болды. Ал егер шұғыл болса, ол ең болмағанда бояп бастауы керек еді, бірақ бірде-бір пәніне жауап берілмеген. Қыз мәлімет алып кіру үшін шыққан болуы мүмкін деген ой келеді. Айталық, сұраққа жауап беріп, біртіндеп жауап бере бастайсың. Ал мұнда аяқталуға жарты сағат қалған, ал парағы тап-таза. Кезекшілер ереже бойынша әрекет етті", - деді ол.

Оның айтуынша, оқиғаның мән-жайымен ҚР Білім және ғылым министрлігі айналысып жатыр. Түлектің ата-анасы осы жағдайды шешіп беруді сұрап, ведомствоға өтініш жазыпты.

"Талапкер 0 балл алған жағдайға келсек, ол өз жұмысын аяқтамай шығып кеткен. Оның бұл әрекетке неліктен барғаны бізге белгісіз, бірақ осындай дерек тіркелді", - деген еді осыған дейін ҰБТ директоры Қали Әбдиев.

 

kaz.tengrinews.kz

Мектеп табалдырығын алғаш аттайтын бүлдіршіндерге тест тапсыру қарастырылмаған - ҚР БҒМ

$
0
0

Соңғы кезде жаңартылған білім мазмұнына байланысты көп талқылаулар жүргізіліп, түрлі пікірлер айтылды. Енді міне ҚР Білім және ғылым министрлігі жаңартылған білім мазмұнын бірінші сыныпқа енгізгелі отыр. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева министрлік «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының қадамдарын және Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатындағы білім мазмұнына кезең-кезеңмен көшу жұмыстарын бастағанын атап өтті.

«Атап айтқанда, жаңа оқу жылынан бастап еліміздің барлық мектептеріне Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі бойынша жаңартылған білім мазмұны бірінші сыныптан бастап енгізіледі», - деп атап өтті Э. Суханбердиева елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Осы ретте ол оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған жаңартылған мазмұн 30 қанатқақты мектепте сынақтан табысты өткенін еске салып өтті.

Белгілі болғандай, жаңартылған білім мазмұны арнайы кестеге сәйкес кезең-кезеңмен енгізіледі: 2016 жылы - 1-сынып, 2017 жылы - 2,5,7 сыныптар, 2018 жылы - 3,6,8,10-сыныптар, 2019 жылы - 4,9,11,12-сыныптар. 2020 жылға қарай 12 жылдық құрылыммен жаңартылған білім мазмұнына көшу барлық сыныптарда аяқталады.

Өз кезегінде ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева жаңа оқу жылында 410 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш рет аттайтынын сөз етті. Осы ретте бұл балаларға жаңа мазмұн бойынша білім алу сәті түсіп тұр.

«Биыл бірінші сыныпқа 410 мыңнан астам бала келеді деп күтілуде. Барлық облыстарда ақпараттық түсіндіру жұмыстары, мектептердің дайындығы бойынша мәліметтерді жинақтау аяқталуда. Бүгінде мектептер дайын. Сонымен қатар қазіргі кезде ұстаздарды, оқулықтарды даярлау шаралары жүріп жатыр», - деді департамент басшысы.

Қазіргі кезде білім заңнамасына сәйкес, тамыздың ортасына қарай барлық мектептерге оқулықтар жеткізіледі. Осы ретте тиісті келісімшарттар бекітілген көрінеді.

Бұдан бөлек, департамент директоры бірінші сыныпқа қабылданатын бүлдіршіндерге тест немесе емтихан тапсыру қарастырылмағанын атап өтті. «Заңнамаға сәйкес, 6-7 жасқа толған балаларды ата-аналары мектепке бірінші сыныпқа апаруға құқылы», - деді ол.

Атап айтқанда, жалпы білім беру жүйесінде 325 184 педагог жұмыс істейді. 2016 жылы курстардан 91 391 мұғалім, оның ішінде білім мазмұнын жаңарту аясында 69 097 ұстаз өтеді. Үштілді білім беруді енгізу кезінде биыл Назарбаев Университеті мен еліміздің 15 жоғары оқу орындары базасында биология, химия, физика және информатика пәндерінің 675 мұғаліміне арналған төрт айлық курстарды өткізуді жоспарлауда. Бұл курстардың мақсаты - оқытушылар арасында ағылшын тілін жетілдіру.

Жалпы біліктілікті арттыруға жыл сайын 10 млрд. теңге бөлінетін көрінеді. Осы ретте барша мұғалімдерге ескерер жайт, жаңартылған бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру ұстаздардың жеке қаржысына емес, бюджет есебінен жүргізіледі.

Эльмира Суханбердиева 2017-2019 жылдары әрбір жыл сайын 5200 мұғалім ағылшын тілінде курстармен қамтылатынын жеткізді. Бүгінде ЖОО-да мұғалімдерді 12 жылдық білім берудің жаңа мазмұнына сәйкес дайындау басталды. Осы уақытқа дейін 42 жоғары оқу орнында 18 мыңнан астам студент үштілділік бағдарламаға сәйкес білім алуда.

Мектептерде 2019 жылға жоспарланған үштілді білім беруге көшу оқу орындарының дайындығына қарай іске асырылмақ. Бұл тұрғыда шамамен 40 оқушы білім алып жатқан шалғайдағы елді мекендердегі шағын мектептердің жағдайы ескерілмек.

«Біз алыстағы елді мекенді (білікті мұғалімдермен) қамтамасыз ете алмасақ, онда бұл мектепті 2019 жылға емес, бір жыл кейін дайындаймыз. Барлық қадамдар дайындығына қарай іске асырылады»,-деді вице-министр.

 

ҚазАқпарат

Ойыншықтар

$
0
0

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің  технологиялық картасы

                   Р.С. Багимова,

«Балапан бөбектер бақшасының»

Ағылшын тілі мұғалімі,

Ақсу қаласы, Павлодар облысы

Білім беру саласы: Қатынас

Факультатив сабағының күнтізбелік жоспары 11-сынып (математика-жаратылыстану бағыты)

$
0
0

                                 Түсінік хат

  Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентін құрайтын пәндердің бірі-математика екені белгілі.

   Барлық басқа пәндер сияқты оқушылар математиканың негізгі ұғымдарымен танысып, оларды игеру арқылы практикада қолдана білу дағдыларын  қалыптастырады.


2016 ЖЫЛҒЫ БІЛІМ ГРАНТЫ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ

$
0
0

2016 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды. Айта кетейік, биыл 31 702 грант бөлінді. Оның 2950 орны жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, 28 752 гранттың бірінші курсқа қабылдауға (күндізгі оқу - 28 452, сырттай оқу - 300 грант), 12 593 грант техникалық және технологиялық мамандықтарға, шамамен 5 мың грант педагогикалық мамандықтарға бөлінген. Ал ауыл шаруашылығы және мал дәрігерлік мамандықтарына шамамен 2 690 грант, медициналық мамандықтарға 3 мың грант бөлінді.

 

ГРАНТ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ТІЗІМІН ЖҮКТЕУ

Ауыл мұғалімдері де "Болашақ"бағдарламасының ситпендиясына ие бола алады

$
0
0

Ауылдағы мұғалімдер енді «Болашақ» бағдарламасының стипендианты атана алады. Мұндай эксклюзивті жаңалықпен Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Ғани Нығыметов бөлісті. Қазір ұстаздарға арналған квотаны берудің талаптары талқылануда - дейді BAQ.kz тілшісі 24.кз-ке сілтеме жасап.

Жамбыл облысының тумасы. Қазақы ауылда өскен қара торы бала сонау Лондонның Куин Мэри уинверситетін ақпараттық технология мамандығы бойынша тәмамдап келген. Қазір шекара асып, шетелде алған білімімен Ақмола облысы Целиноград ауданының Қызылсуат ауылындағы нөмірі 39 орта мектептің оқушыларына дәріс беріп, бала оқытып жүр. Информатика пәнінің мұғалімі.

"Қазір көбісінде өздерінде гаджеттері бар. Айпад болсын, самсунг болсын небір түрі планшеттер, смартфондар бар. Солар арқылы көптеген ойын ретінде жеткізетін немесе балаларды қызықтыратын программалар бар. Әдейілеп программированиені үйретеді - дейді жас маман Айтмұхамед Қалмаханов.

Жас та болса Айтмұхамедтің пайымы терең, парасаты биік. Ойлы сөзінен оқушының пәнге деген қызығушылығын ояту үшін түрлі әдістер тауып, ұдайы ізденіс үстінде жүретінін аңғардық.

"Негізі басында келгенде кітаппен де оқыттым. Планшеттермен гаджеттермен де оқыттым, сол кезде өздерінен сұрадым. Не қайсысы ұнайды? Қайсысы қызық? Нені көп білесіңдер? Негізі көбі гаджеттреді таңдады - дейді ол.

Болашақ бағдарламасы жүзеге асырыла бастағалы 23 жыл өтіпті. Осы аралықта Айтмұхамед сияқты шетелге барып білім алып келгендер аз емес. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» мамандарының айтуынша, бакалавриат бойынша Ұлыбритания мен Америкаға оқуға барғандар көп. 23 жыл ішінде 12 000 талапкер Болашақ бағдарламасының стипендианты атанған. Олардың қатарына бакалавр, магистр және докторанттар да кіреді. Оқуды түгескен түлектердің 9 мыңы қазір елімізде еңбек етуде. Білімін ұштап жүрген тағы 1 500 бар. Бұдан басқа 600 студент стипендиядан өз еркімен бас тартса, тағы алты жүзі стипендиядан айырылған. Оған студенттің өзі кінәлі, оқу үлгерімі нашар.

"Бізде 70-ке жуық стипендиат бар. Олар ауылдық квота бойынша барған үміткерлкерлер болатын. Олар сол ауылдық мектепті бітіріп, өздерінің аттестатын көрсетіп бізге, біз арқылы квоталық санат бойынша өтіп, тілдік курс алып, оқып келгеннен кейін ауылға қайтып баруға міндетті. Ол шартта көзделген - дейді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығыметов.

Сөзін одан ары сабақтаған орталық басшысы болашақ бағдарламасының оң әсерін байқағандығын, алдағы уақытта ауылдағы мұғалімдерге де квота беруді көздеп отырғандықтарын жеткізді.

"Мысалы ауылдық мектепте жұмыс істеген екі жылдық тәжірибең болса, бізге келіп Болашақ арқылы жеңілдікпен түсе аласың, магистратураға. Осындай жаңа квота магистратураға ашылайын деп отыр. Сондай шешім қабылданайын деп отыр Республикалық комиссияның отырысында. Қабылданса міндетті түрде ауылға барып, өңірлерге барып осы ақпаратты таратамыз - дейді Ғани Нығыметов.

Ғани Нығыметовтің айтуынша, квотамен оқуға ниетті мұғалімнің қай пәннен сабақ беретіні бәрібір, жас шамасына да шектеу жоқ. Сондай-ақ, шетелдегі оқуын бітіріп келген ұстаз ауылға қайтып барса да, қала мектебінде қалса да қалау өзінен. Басты талап - елге қайта оралып, халқына қалтқысыз қызмет етуге міндетті.

 

baq.kz

2 cынып күнтізбелік жоспар, сабақ жоспар (Атамұра)

$
0
0

2-сынып. Математика

Оқулық  авторлары: Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, Ж.Т.Қайыңбаев, К.Ә.Ерешева, М.В.Маркина

Баспасы: Алматы «Атамұра» 2013ж, 4-басылымы, өңделген

Барлығы - 136 сағат, аптасына 4 сағаттан

Реті

Тақырыбы

Сағат саны

Күні

 

І. 1-сыныпта  өткенді қайталау ( 8 сағат)

 

 

1

Ондықтармен және бірліктермен санау

1

 

2

Екі таңбалы сандардың оқылуы,  жазылуы және оларды салыстыру

1

 

3

Екі  таңбалы сандардың  ондық  құрамы. Ұзындықты өлшеу. Метр (м)

1

 

4

Масса және оны өлшеу, килограмм (кг)

1

 

5

Салыстыру. Теңдік. Теңсіздік

1

 

6

Қосу және азайту -өзара кері амалдар.  Қосуды  тексеру. Есептер шығару

1

 

7

Азайту және қосу-өзара кері амалдар.  Азайтуды тексеру. Есептер шығару

1

 

8

Екі таңбалы сандардың ондық құрамы және жіктелуі. Теңдеулер

1

 

 

ІІ. 100 көлеміндегі сандарды қосу және азайту

 (82 сағат, 42+40 сағат)

 

 

9

Екі таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру және жіктеу.

Сыйымдылық және оны өлшеу. Литр (л).

1

 

10

Көпбұрыш

1

 

11

Белгісіз азайғышты, азайтқышты табу. Тік бұрыш және тік емес бұрыш

1

 

12

Бақылау жұмысы

1

 

 

Ауызша қосу және азайту тәсілдері ( Бірінші кезең)

 

 

13

Қосу және азайту (  онд-1,  онд-1)

1

 

14

Қосу және азайту( 50+3, 53-3)

1

 

15

Қайталау. Сандық және әріпті өрнектер

1

 

16

Қайталау. Сандық өрнектерді салыстыру

1

 

17

Уақыт және оны өлшеу. Сағат (сағ) . Минут (мин). Тәулік. Ғасыр

1

 

18

Қайталау.  Ауызша есеп

1

 

19

Амалдардың орындалу реті. Жақшалар

1

 

20

Қайталау. Математикалық диктант

1

 

 21

Қосу және азайту    (23+2;   25-2)

1

 

22

Қосу және азайту    (26+30; 56-30)

1

 

23

Қосу және азайту     (3+56  ;    30+24)

1

 

24

Қайталау. Қосу және азайту

1

 

25

№2  Қорытынды бақылау жұмысы                             

1

 

 

Кестелік қосу және азайту (Екінші кезең)

 

 

26

2 санын қосу және азайту

1

 

27

Екі амалмен шығарылатын есеп

1

 

28

3 санын қосу және азайту

1

 

29

Қайталау

1

 

30

 Қорытынды бақылау жұмысы                                        

1

 

31

4 санын қосу және азайту

1

 

32

Қайталау

1

 

33

5 санын қосу және азайту

1

 

34

Қайталау

1

 

35

6 санын қосу және азайту

1

 

36

Қайталау

1

 

37

7 санын қосу және азайту

1

 

38

Қайталау

1

 

39

8 санын қосу, азайту

1

 

40

Қайталау

1

 

41

Қайталау

1

 

42

9 санын қосу, азайту

1

 

43

Қайталау

1

 

44

Бақылау жұмысы

1

 

45

Қосудың қасиеттері. Қосындыдан санды және саннан қосындыны азайту

1

 

46

Тік төртбұрыштың қасиеті

1

 

47

Шаршы және оның қасиеттері

1

 

48

Қайталау

1

 

49

Қайталау. Ауызша есеп

1

 

50

Тік бұрыш, сүйір бұрыш және доғал бұрыш

1

 

   51 

Көпбұрыштың периметрі

1

 

52

Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі

1

 

53

Қайталау

1

 

 

Ауызша қосу және азайту тәсілдері (екінші кезең)

 

 

 

1. ТОЛЫҒЫРАҚ...

 

2. КӨШІРУ....

ЖОСПАР АЛҒАН ҰСТАЗДАР

КРАТКОСРОЧНЫЙ ПЛАНЫ ПО МАТЕМАТИКЕ КСП

$
0
0

КСП математика 5 класс

 

Дата:                                                                                                   Класс: 5                урок

Тема:  Координатный луч

Цель урока:  сформировать понятие координатного луча, научить строить координатный луч, находить координаты точек и строить точки по заданным координатам;развивать умения анализировать, сравнивать, обобщать, делать выводы,

 развивать внимание; развивать познавательный интерес через игровые моменты взаимоконтроля, взаимопроверки, способствовать пониманию необходимости интеллектуальных усилий для успешного обучения, положительного эффекта настойчивости для достижения цел

                                                                  

Этап урока

Деятельность учителя

Деятельность ученика

2

3

4

Организационный этап

Приветствие, проверка подготовленности к учебному занятию, организация внимания детей.

 

Учитель приветствует учащихся, проверяет их готовность к уроку.

- У каждого из вас на столах лежат карточки самооценивания  (приложение 1). Подпишите их. В течение урока мы с вами будем выполнять различные задания. По окончанию решения каждого задания, вы должны оценить свою работу:

"+" - справился  без затруднений,

"±" - справился, но возникали сложности,

"-" - не справился с заданием.

Включаются в деловой ритм урока.

 

Учащиеся слушают учителя, подписывают карточки самооценивания

 

 

Viewing all 224 articles
Browse latest View live