Quantcast
Channel: Мұғалімдер сайты
Viewing all 224 articles
Browse latest View live

Менің елім-Қазақстан

$
0
0

    Ашық  сабақ жоспары.

I Сабақтың  тақырыбы:

             Менің елім-Қазақстан

      (интеллектуалды, сайыс сабақ)


Педагог, тәрбиешілердің тиімді қолданатын тәрбие әдістері

$
0
0


Маңғыстау облысы,
Өтегенова Әйгерім Жаналықызы 
ІІ санатты «Мектепке дейінгі даярлық тобы оқытушысы»

Педагог, тәрбиешілердің тиімді қолданатын тәрбие әдістері

Мінезді жақсартуға өмір бойы үйреніп, күресе бер

$
0
0


Маңғыстау облысы,
Өтегенова Әйгерім Жаналықызы
ІІ санатты «Мектепке дейінгі даярлық тобы оқытушысы»

«Мінезді жақсартуға өмір бойы үйреніп, күресе бер»

Туған өлкем

$
0
0

Қызылорда облысы Қазалы ауданы

Майдакөл аулы № 98 орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Әлнәзи Кулжазира Бимырзақызы

 

Ана тілі 2-сынып

Тақырыбы: Туған өлкем

Жүздіктермен санау. Мың

$
0
0

Қызылорда облысы Қазалы ауданы

Майдакөл аулы № 98 орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Әлнәзи Кулжазира Бимырзақызы

 

Математика 2-сынып

 

Тақырыбы: Жүздіктермен санау. Мыңғады.)

Дуальды оқыту жүйесі – сапалы білім беру кепілі

$
0
0

 Дуальды оқыту жүйесі –  сапалы білім беру кепілі

 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында таяудағы 2-3 жылда дуальдік, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесін қалыптастыру да қазіргі уақыт талабы екендігі айтылған. Қазақстандық кәсіптік білім беру жүйесінде қос бағытты білім берудің ғылыми-теориялық негіздері жан-жақты зерттелуде. Шет елдік тәжірибелерге сүйене отырып, білім берудің жаңа буын мемлекеттік стандарттарын жасауға жұмыс берушілер қатыстырылып, дуальдық жүйені кәсіптік білім беру үлгісіне енгізудің мүмкіндіктері мен алғышарттары қарастырылуда.
     Кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандарттарының жаңа буыны құзыреттілік қатынасқа негізделген, соған сәйкес қазіргі заманғы маман еңбек нарығында және кәсіби салада әлеуметтік қорғалуды, икемділікті, бейімделгіштікті,табыстылықты қамтамасыз ететін әлеуметтік және кәсіби сапалардың жиынтығына ие болуы қажет. Стандарт талаптарына сәйкес кәсіби құзыретті маман даярлау мазмұны білім, білік, дағдыларды қалыптастыруға ғана емес, өндіріс қажеттіліктеріне сәйкес дамыған кәсіби іс-әрекет дағдыларын меңгертуге бағытталған.

Қалдықсыз өнім дайындау технологиясын пайдалану жолдары

$
0
0

 

Қалдықсыз өнім дайындау технологиясын пайдалану жолдары

Мата қалдықтарын жіппен тігу арқылы ерекше стильдегі бұйымдар халық қолөнерінде алатын орыны ерекше, ол әрбір ұлттың өзіне тән меншікті өнері болып саналады. Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын қолөнері де дамып отырған . Күннен - күнге қалдық мата технологиясы,яғни атақты модельерлер коллекциясына , ал дизайнерлер үшін қалдық мата технологиясы үй тұрмысына пайдаланатын көз жауын алатын үлкен бір шедеврға айналуда. Қалдық маталалар бұйымдар дайындау ассоциациясы қазір көптеген елде қызу жұмыс жасауда. Соның ішінде ерекше айтуға болатын елдер Ресей , Жапония, Германия , Америка. 1940 жылы орыс оқымыстысы С.И.Руденко арзан мата қалдықтарынан адам ой өрісімен үлкен композиция жасау арқылы әдемі , әрі көз жанарын тартатын қымбат дүниелер ойлап табуға болатын ын ашты.

Әбділдә Тәжібаев «Сырдария» өлеңі

$
0
0

Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы
Горное негізгі мектебі
қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
Мұсылманбекова Алмагүл Қойшыбайқызы
Әбділдә Тәжібаев «Сырдария» өлеңі


дене шынықтыру топтық жұмыс

$
0
0

Менің өзіме таңдаған, ұнатқан, қолдануыма қолайлы болған және ең бастысы нәтежиесін көрсеткен- ол «топтық жұмыс». Мен осы идеяма дейін оқушылармен жұмыс жасағанда көп уақытым ысырап болатын. Себебі, әр оқушыға жекелей түсіндіру өзге оқушыларды жалықтыратын,олардың уақыты тиімсіз өтетін. Өзім де психологиялық болсын, физикалық болсын өте шаршайтынмын және барлық оқушыға жекелей өзім ғана үйреткен сәтте үлгерімді оқушылар тез үйреніп, олар үшін бұл сабақ әрі қарай қызық болмай ойнауға сұранады, сөйтіп мұғалімнің ойын бөліп, сабақта тәртіпсіздік болатын еді. Өзім де әрбір жаңа сабақты толық орындамағандай болып әрдайым өзіме деген бір реніш, көңілсіздік болатын. Себебі Ы. Алтынсарин атамыз айтқан «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс.» деген қағиданы әрдайым жадымда ұстайтынмын. Осы жағдайдан кейін жаңа, жеңіл және тиімді идея ойлап табуды өзіме мақсат қылдым.

WhatsApp арқылы жүрек тапқан қыз

$
0
0

 

WhatsApp арқылы жүрек тапқан қыз

Әлеуметтік желі, әсіресе WhatsApp-та отыратындар уақытын босқа жұмсайды деген пікір қалыптасқан. Бірақ, жуырда Үндістан жерінде болған оқиға барысында бұл қосымша адамның өмірін құтқаруға көмектесті.  

Мумбай қаласында 16 жастағы Суидн Д’Суза атты қыз 2010 жылы сүйек обырына шалдығып, жүрегін мүлде әлсіретіп алған. Дәрігерлер оның жүректі ауыстыруы керектігін айтып, донорды күтуден кезекке қойған. Содан күндердің күнінде Суиднның кардиолог дәрігері Виджай Агарвал донорлыққа берілетін жүректі WhatsApp-тағы ортақ чаттан оқып біліпті. Сөйтсе, маңызды органы ерікті түрде берілетін 20 жастағы әйел талып құлап, кеуде қуысы жаралануы салдарынан көз жұмған екен. Ақыры Виджай көптеп-көмектеп жүріп, Үндістанның екінші шетіндегі Индаурдан жүректі алдыртады. Сөйтіп, Суиднге медиктер жасаған жүректі транспланттау операциясы сәтті аяқталып, ақ халаттылар оған екінші өмір сыйлады. «Жалпы Үндістанда үкімет донорлықты қолдамақ тұрсын, халықты күнделікті медициналық көмекпен қамти алмайтынын ескерсек, бұл зор жетістік. Ал табылған күннің өзінде кез келген жүректің жасөспірімдерге сәйкес келе бермейтінін алсақ, онда Суиднның әбден жолы болған», - дейді Виджай Агарвал.

Дереккөз: 24.kz

massaget.kz

Бастауыш сынып балаларын үй тапсырмасына қызықтыру

$
0
0

Бастауыш сынып балаларын үй тапсырмасына қызықтыру

Алдыңғы материалымызда үй тапсырмасы қызықты етіп тексерілсе, баланың да құлшынысы арта түсетінін жаздық. Ал бір сарынды тексеруден кез келген адам жалығады. Әсіресе балалар қайталана беретін құбылыстан тым тез жалығады. Сондықтан әр сабақты әртүрлі өткізуге талпынған абзал.

Жауаптың суретін салу
Мұғалім тақырыпқа қатысты сұрақтарды алдын ала дайындап қояды. Балалар түсінгенін ауызша айтпайды, қағазға суретін салады. Суреттің әдемі болуы емес, бала тапсырманы қалай түсінгені маңызды.

Шапалақтау не аяқ соғу
Мұғалім өз сұрағына екі жауап дайындайды. Жауап дұрыс болса балалар қол шапалақтайды, дұрыс емес болса, аяқтарын тарсылдатады. Бұл балалардың жылдам ойлау қабілетін арттыруға таптырмас тәсіл әрі сергітіп алуға да пайдалы.

Сұрақ қою
Балалар үйден тақырыпқа қатысты сұрақ дайындап келеді. Әр баланың сұрағына көршісі жауап береді. Балалар бір бірінің сұрағын қайталамау үшін топ басшы алдын ала әр қайсысының сұрақтарын жазып алады да, жауаптың дұрыс-бұрыстығын тексереді.

Жеті гүл
Оқытушы әрбір топқа арнап жеті түсті гүл жасап әкеледі (үш топ болса, 21 гүл). Топқа бөлінген балалар бір-біріне сұрақ қояды. Дұрыс жауап берген топқа бір гүл беріледі. Балалар жеті гүлді толық жинағанша, яғни жеті сұраққа толық жауап бергенше сұрақ қойыла береді.

Доп лақтыру
Балалар дөңгеленіп тұрады. Мұғалім сұрақ қояды да, қолындағы допты кез келген балаға лақтырады, бала допты қағып алып, сұраққа жауап береді.

Әр ойын сабақ аяқталғанда оқушыларға арнап мақтау қағазы не диплом беріп отырған дұрыс.

 

massaget.kz

Мамандық өзгертетін көзілдірік (Видео)

$
0
0

 

Мамандық өзгертетін көзілдірік (Видео)

Көзілдірікті тек белгілі мақсатта ғана пайдаланатын адамдар оның сыртқы келбетін өзгертіп жіберетінін біле бермейді. Себебі бүгінгі таңдағы көзілдірік пішіндері де әртүрлі мамандық иесі екенін меңзеп тұрады. Мысалы сіз қарапайым адам болып киініп, бірақ стилді көзілдірік тақсаңыз, онда жұрт модель не камера алдында жүрген адам деп ойлауы мүмкін. Бірақ сіз шынайы өміріңізде мүлде басқа іспен шұғылданасыз. Дәл осындай тәжірибиені жасап көрген видеороликке көз жүгіртіп көріңіз. Бәлкім келесі жолы көзілдірік алатын кезде сырт көзге қандай маман иесі болып көрінуге септігі тиер. 

 

massaget.kz

 

Қазақша IQ тест (Жауабы)

$
0
0

 

Қазақша IQ тест (Жауабы)

Адам санасының даму дәрежесін, логикалық ойлау жүйесін анықтайтын әлемге әйгілі тесттердің бірі  IQ тесті. Зияткерлік деңгейіңізді тексеруге арналған сұрақтар ұсынған едік, өз нұсқаңыз жауаптарына қаншалықты сәйкес келгенін анықтаңыз.

1. Келесісі қандай әріп: г, ғ, ф, х, м, н, п, ...
Жауабы: р

2. Жақша ішіндегі сөзді табыңыз:
шөп (жасыл) киви
су (...) мұз
Жауабы: мөлдір

3. Бос орынға қажетті санды қойыңыз: 2 5 8 11 _
Жауабы: 14

4. Көлік автомобиліне жатпайтын тіркесті көрсетіңіз:
рофд;
тбнеил;
таиф;
ожеп;
гбион;
Жауабы: гбион

5. Жақша ішіндегі сөз бір сөздің аяғы, екінші сөздің басы болуы тиіс:
ай (...) ал
Жауабы: мақ. Аймақ, мақал

6. Бос орында тұруы тиіс фигураның нөмірін көрсетіңіз?

Жауабы: 4

7. Қай фигура артық?

Жауабы: 3

8. Артық сөзді табыңыз:
үй;
иглу;
кеңсе;
бунгало;
лашық;
Жауабы: кеңсе

9. Екі қатар соңындағы жеткіліксіз санды көрсетіңіз:
16 15 17 14 _
32 33 31 34 _
Жауабы: 18 және 30

10. Төмендегі қосымшаның барлығына түбір бола алатын сөзді табыңыз:
-тық, -шы, -ты, -пақ, -ым, -қыш, -та
Жауабы: бас

11. Жақша ішіндегі сөзді табыңыз
Ж + (азықтық дәнді-дақыл) = (адам өмірінің бір кезеңі)
Жауабы: жастық

12. Қай тіркес атақты ақын атына сәйкес келмейді?
құағмаил;
әкрмішә;
ймабтанұ;
мшәіш
фұразма;
Жауабы: мшәіш

13. Берілген қала атаулары ішінде қайсысы артық?
Атырау;
Алматы;
Өскемен;
Маңғыстау;
Тараз;
Жауабы: Маңғыстау

14. Келесі қандай сандар тұруы қажет: 7 10 9 12 11 _ _
Жауабы: 8 және 13

15. Жақша ішіндегі сөзді толықтырыңыз
АП (БАЛАПАН) ЛА
АШ (Қ..Р..Қ) ЫУ
Жауабы: ҚУЫРШАҚ

16. Қай сан қалып қойған?
8 10 14 18 _ 34 50 66
Жауабы: 26

17. Әріптер белгілі бір кезекпен орналасқан. Рет бойынша, келесі қандай әріп?
А Ж А И А К А Н А ?
Жауабы: Р

18. Жақша ішіндегі сөзді табыңыз
ХАТШЫ (ТАБА) ҚАБАТ
АЙЛАЛЫ (...) САМҒА
Жауабы: АЛМА

19. Артық сөзді көрсетіңіз:
майшабақ;
кит;
акула;
барракуда;
нәлім (треска);
Жауабы: кит

20. Бос орында қай сан тұруы керек?
7 9 5 11
4 15 12 7
13 8 11 _
Жауабы: 10

 

massaget.kz

Головкин мектеп оқушыларына тосын сый жасады

$
0
0

Головкин мектеп оқушыларына тосын сый жасады

WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Генадий Головкин Әлихан Бөкейханұлы атындағы №76 мектепбінде қонақ болды, − деп хабарлайды Vesti.kz.

Головкин өзінің мектепке баратынын БАҚ өкілдеріне хабарламаған. Facebook қолданушысы Ботабек Тілегенов Геннадийдің мектепке келгенін мұғалімдерінің бірінен естіпті. Мұғалім оған келіп, суретке түсіруін сұрапты. "Мен мектепке жетіп келдім. Ол жақта басқа БАҚ өкілдері болмады", − деп жазды Тілегенов.

Боксшы мектепке құр қол келмеді. Ол бокс секциясының балаларына боксқа арналған қолғап пен басқа да амуниция сыйлады. Ол жастардың жетістікке жетуі үшін чемпион алдымен бапкерді тыңдап, өздеріне сенуі керектігін айтты. 

Басылымның мәліметінше, №76 орта мектеп Қарағандының Майқұдық ауданында орналасқан. Бұл жерде Головкин туып-өскен. Өзі болса №65 мектепте оқыған. 

 

massaget.kz

Павлодарда 8-сынып оқушысы кубик-рубикті сегіз секундта жинайды (видео)

$
0
0

 

Павлодарда 8-сынып оқушысы кубик-рубикті сегіз секундта жинайды (видео)

Павлодарда Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8 «D» сынып оқушысы Абылайхан Мустафин 8,35 секунд ішінде 2х2 номинациясы бойынша кубик-рубикті жинап, екінші жыл қатарынан өз рекордын жаңартты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.  

Бұл туралы агенттікке білім беру мекемесінің баспасөз хатшысы Рымгүл Божақанова хабарлады. - Физика, математика және информатика апталығы аясында ұйымдастырылған «Кубик-Рубик» сайысына қатысуға сегіз оқушы өтініш білдірген. Жеңімпаз атанған Абылайхан алғашқыда кубик-рубикті 5-6 минутта жинайтын. Өткен жылы 11,2 секундта жинап шыққан ол бұл көрсеткішті алдағы уақытта үш секундке дейін жеткізуге мақсат қойып отыр. Сондай-ақ 10 «C» сыныбының оқушысы Сұлтан Шупеев көзін жапқан күйінде 2х2 номинациясында небары 30,88 секундта кубик-рубикті құрастырып шығып, жеңімпаз атанды. Мұндай ойын арқылы баланың ойлау қабілетін дамытуға болады, - дейді Р. Божақанова.

Биылғы жылы оқушылар кубик-рубиктің күрделі комбинацияларынан да сынға түскен. Бұл  5х5 номинациясында 8 «D» сынып оқушысы Әлішер Ашекеев 6,43 минутта жеңіске жетсе, пирамиданы жылдам құраған қатысушылардың арасындағы жалғыз қыз 8 «D» cынып оқушысы Амина Ердес тапсырманы 13,44 секунд ішінде орындап шыққан.

Айта кетейікі, былтыр АҚШ-та жасөспірім Лукас Эттер 3x3 номинациясы бойынша 4,9 секунд ішінде кубик-рубикті жинап, әлемдік рекорд орнатқан. Оның бұл жетістігін бүкіл әлемдік (World Cube Association) қауымдастығы тіркеген.

Дереккөз: pavlodarnews.kz

massaget.kz


Оқушылар жақсы көретін мұғалім бейнeсі

$
0
0

Оқушылар жақсы көретін мұғалім бейнесі

Мектеп кезінде кей пәндерді мұғалімі үшін ғана оқығанымыз жасырын емес. Ал кей мұғалімдерді сабақ беретін пәні үшін ғана жақсы көріп, сыртынан "информатика апай, "физика апай" деп атаған кезіміз де болды. Мұғалімдердің "любимчигі" болатыны секілді, олар да оқушылардың сүйікті ұстазына айналуы — маңызды құбылыс.

Бала сабақты жақсы оқып, ұлы тұлғаға айналуы үшін шәкірт пен ұстаз арасында мызғымас махаббат орнауы тиіс. Балалардың жүрегін қалай жаулаймыз? Оқушылардың сүйікті ұстазына айналу үшін не қажет?

Барлық баланы бірдей жақсы көріңіз. Өзін жақсы көретін адамды жек көру кез келген кісінің қолынан келмейді. Әр баланың артықшылығы, ашылмаған дарыны болады, соны көре біліңіз. Кемшілігі болса, тереңіне үңіліңіз:
не үшін тентек болғанын;
жалқау болуына не себепкер екенін;
үй тапсырмасын орындамауына не кедергі болғанын анықтап көріңіз.

Кез келген жағдайға түсіністік танытатын мұғалімді сыйламау мүмкін емес. Қателік жіберген оқушыға жаза қолдану орнына, келесіде қайталамайтынына зор сенім білдіріңіз. Ол сеніміңізді ақтау үшін барын салатын жағдай жасаңыз.

Қызықтыра біліңіз. Әр сабақ сайын болмаса да, ерекше тапсырмаларды жиі-жиі беріп тұрыңыз. Күнделікті бірқалыпты сабақ өту мен үй тапсырмасынан бала тез жалығады. Сабақ үстінде ойындар ұйымдастырып, әдеттегіден тыс тапсырма табыңыз. Әр тақырып болашаққа қандай пайдасы барын тауып, бала зердесіне жеткізе біліңіз.

Оқытушының міндеті балаларға жекіп ұрсу емес, білім беру. Білім беру үшін, тәртіп орнату қажет. Егерпедагогикалық-психологиялық сауатыңыз жоқ болса, оқытатын пәніңіздің жілігін шағып, майын ішкеніңіз қажет емес. Әр баламен өз қатарласыңыздай сөйлесіп, жеке сырласып, тілін таба біліңіз.

Көпшілік көзінше еш оқушының кемшілігін айта көрмеңіз. Арада кикілжің туындаса, ешкімге шағымданбай, өзіңіз жылдам шешімін табуға тырысыңыз. Баланың ата-анасын шақырып, сынып жетекшісіне, мектеп директоріне арыз айту — ең осал мұғалімнің ісі.

Сабақ үстінде сіз ойламаған сұрақ қойып, тығырыққа тіресе, "Осы сұрақтың жауабын өзің ойланып көрші. Егер ертеңге дейін таба алмасаң жауабын мен айтамын, жақсылап ойлансаң табасың" деңіз. Келесі күнге дейін ойлануға өзіңіз уақыт табасыз әрі бала миын іске қосып, ойлануына мүмкіндік бересіз.

Барынша ұстамды, сабырлы болыңыз. Оқушы жаңа тақырыпты не тапсырманы бірден түсінбесе, жүйке жұқартып, бекер таусылмаңыз. Өзіңізді шыдамдылыққа шақырып, басқа әдіспен түсіндіріп көріңіз, өмірден мысал келтіріңіз. Түк түсінбей жатса, сабақ соңында жеке түсіндіремін деңіз, бірнеше рет түсіндіруден жалықпаңыз. Қазірден бастап байсалды болмасаңыз, темірдей төзімділікке үйренбесеңіз, ұстаздық жолыңыз алысқа бармайды.

 

massaget.kz

«Ң» әрпінен басталатын жалғыз сөз

$
0
0

 

«Ң» әрпінен басталатын жалғыз сөз

Бүгінде «ң» әрпінен басталатын сөзді білмек түгілі, оны айтуды да ұмытып бара жатқандаймыз. Кейде теледидардағы тілшілер де «ң»-ді айта алмай жатады. Ал жасөспірімдер арасында төл дыбысымызды айта алмайтындардың саны көп.

Көпшілік «ң» дыбысын «н» дыбысымен шатастырып жатады. Әсіресе, үйде, балалабақшада әуелі орысша тіл сындырып, сосын қазақ сыныбына барғандар қазақ тіліне тән дыбыстарды (ә, ғ, қ, ң, ө ,ү, ұ, һ, і) дұрыс айта алмай қиналады. Әуелі орыс тілінде сөйлеп үйренген бала, орыс тілінде мұндай дыбыс болмағандықтан, «ң»-ды «н»-мен шатыстырады. Ал мұны шатастырудың салдарынан сөздің мағынасы бұзылады.

«Ң» дыбысын түрлі жаттығулар мен әдіс-тәсілдердің негізінде айтуға болады. Мысалы, «ң» мен «н»-ды дыбыстағанда тілдің қалпын балаға ұғындыруымыз керек. «Ң» дегенде тіл ұшы жоғары қарайды, үн мұрыннан шығады. «Н» дегенде тілдің ұшы жоғарғы тістің артына тоқталады. Балаңыз әріптерді шатастырып жатса, логопед мамандардың қызметіне жүгінуге де болады.

Қазақ тілінде «ң» әрпінен басталатын сөз жоқ деп айтылып келеді. Десе де қазақ әдебиетінің классигі, сатира жанрының атасы саналатын Оспанхан Әубәкіровтің «Ң» әр­піне арнаған «Ңөң» атты өлеңі ба­рын білесіздер. Ол осы өлеңі арқы­лы «айсбергті» қазақша «Ңөң» деп атауды нақты деректер­мен дәлелдеп берді. Сөйтіп, қазақ тілінің сөздік қорын байытты. Бірақ, әдеби нормаға айнала алмай келеді. Сондай-ақ, Оспанхан Әубәкіров пен режиссер Асқар Наймантаевтың «Ңөң» атты комедиялық қойылымы да бар.

Белгілі жазушы, драматург Шерхан Мұртаза «Бір кем дүние» атты туындысында осы Оспанханның «Ңөңі» туралы айта кетеді. «Жарықтық Осекем әулие екен-ау деп ойлаймын. Қазіргі мына заманда «ң» -ға тілі келмейтіндер көбейді. Теледидарды тыңдап, қарап отырсаң «жанағы, жанағы» деп сөз арасына «арам» сөз қосып сөйлейтіндер жиіледі. «Женістен женіске жете берейік» дейтіндер де бар.  Бұл да бір кем дүние», – деп жазған екен. Осы орайда Оспанхан Әубәкіровтің «Ңөң» өлеңін назарларыңызға ұсынғанды жөн санап отырмыз. Бұл сөз туралы өлеңнің өзінен де көп мағлұмат алып, тіліңізді жаттықтыра түседі деген ойдамыз.

Ңөң

Бір басымда санасаң,
Өнер,
Білім
Тегіс бар.
Болмайтұғын Бас әріп
Қай жерімде кеміс бар?!
– Бола алмайсың Бас әріп,
Түспе текке азапқа.
«Ң» әрпінен басталар
Бір сөз жоқ қой қазақта.
Деді осында біреулер,
Дәлел айтып бұлжытпас.
(Дәлелді сөз – әлді сөз,
Әлді сөзге кір жұқпас).
– Солай, – десті қалғаны,
Оңай көніп, ойланбай.
«Көне сал», – деп, біреулер
Тамақ беріп қойғандай.
– «Ң» әрпінен басталар,
Сөз бар, – деді «Ң».
Көнбеді.
– Білмесеңдер айтайын,
Оның аты – «Ңөң», – деді.
Айсберг дегенді,
Арғы қазақ «ңөң» деген.
Көктемде көшетін
Өзен мұзын «Сең» деген.
Айтқан сөзім айғақты,
Керегі не мазақтың?!
Өмір бойы зерттедім,
Ана тілін қазақтың.
Зілдей ауыр зілдерді,
«Ңөң» дейді екен бұрындар.
Ал «сең» деген сөзінде
«Жеңіл» деген ұғым бар.
Өң,
Дөң,
Жең,
Мең,
Сең дейді.
Тең,
Таң,
Тоң,
Көң,
Кең дейді.
Ал енді Айсбергті
Бас алсаң да, «нөң», – дейді!
Ойда жоқта осылай,
«Ң» ашты бір жаңалық.
41 әріп бас шайқап,
Тұрып қалды қамалып.
«Ңөң» деген сөз қазақта
Жоқ десең де еркіңде.
Қарыз сұрап тұрғам жоқ,
Бар десең де еркіңде.
«Ңөң» деген сөз қазақта
Жоқ десең де еркіңде.
Бар десең де дәл содан
Бұзылмайды көркің де!

 

massaget.kz

Патриоттар акциясы басталды! Менде бармын ішінде!

$
0
0

 

Патриоттар акциясы басталды! Менде бармын ішінде!

Көктем аруы

$
0
0


Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
Ембі қаласы №3 орта мектебінің тәрбиешісі
Урынбаева Жанар Куандыковна

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Ақ жаулықты әжелер, асыл да аяулы аналар! Ару апайлар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8 – наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз![/b]
Бүгін біздің бақшада дүбірлі той,
Ден қойып, тыңдаңыздар көңілді қой.
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіздер, халайық сергісін бой.
Құрметті қонақтар, «Көктем аруы» атты байқауға қош келдіңіздер!
Аруларымызды ортаға шақырмас бұрын, әділқазылар алқасын тағайындайық. Әділқазылар арулардың сұраққа жауабы, тапсырманы орындауы киім үлгілері, өнеріне жеке-жеке баға беріп отырады. Ендеше аруларымызды ортаға шақырайық.
Тәрбиеші:
Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық.
Өнер сүйер қауым бүгінгі байқауымыз 4 турдан тұрады.
1. «Сәлем-сөздің анасы» (өзін –өзі таныстыру)
2. «Өнерлі өрге жүзер» (өз өнерін көрсету)
3. «Жүйрік болсаң тауып көр» (сұрақ жауап)
4. «Сұлулықтың сыры» (сән үлгісі)
Жүргізуші: Әдеппенен, ізетпенен, танысуға, тайсалмастан сахнаға қыздар шықты. Олай болса, өзін-өзі таныстыру сайысын бастаймыз.
Тәрбиеші:
8 наурыз күнін
Мейрамдайды аналар
Аналардың шаттығын
Құттықтайды балалар.
Мейіржан:
Құтты болсын ардақты анам
Асыл анам мерекең
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты мерекең
Санжар:
Мұрат, мүлде, мақсатым
Жақсы күн мен жақсы түн
Нағыз бақыт ананың
Ақтау дер ем ақ сүтін
Данияр:
Теңдесі жоқ данасың
Арқа сүйер панасың
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым
Али:
Менің әжем,бұл әже
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әже
Мұхамет:
Баланың да тірегі
Даланың да тірегі
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі
Данил:
Бәріңізде анасың
Біз үшін күн боп жансың
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым
Әділқазылардың бағасынан кейін байқаудың «Өнерлі өрге жүзер» бөлімі бойынша аруларымыз өз өнерлерін ортаға салады.
Тәрбиеші: Ал сайыскерлер сұраққа қалайсыздар, қазіргі заманғы ару заман талабына сай өте білімді болуы керек. Сондықтан байқауымыздың келесі бөлімі «Жүйрік болсаң тауып көр» деп аталады.
1-ші сайыскерге сұрақ.
Біздің елордамыз қалай аталады? (Астана қаласы)
Бір аптада неше күн бар? (жеті күн бар)
Орыс тілінде әжені қалай атайды? (бабушка)
2-ші сайыскерге сұрақ?
Адамда қанша көз бар? (екі көз бар)
Қыс, жаз, күз, көктемді бір сөзбен қалай айтуға болады? (жыл мезгілдері)
Орыс тілінде нан қалай аталады? (хлеп)
3-ші сайыскерге сұрақ.
Қазақстан республикасының президентін ата? (Н.Ә. Назарбаев)
Аспанда қанша күн бар? (1)
Көктем орыс тілінде қалай аталады? (весна)
4-ші сайыскерге сұрақ.
Біздің отанымыз қалай аталады? (Қазақстан)
Қызанақ, кияр, картоп жеміс пе әлде көкөніс пе? (көкөністер)
Құстар орыс тілінде қалай аталады? (птицы)
5- ші сайыскерге сұрақ.
Кемпірқосақта қанша түс бар? (жеті түс бар)
Кесе, табақ, шәйнек, қазанды бір сөзбен қалай атауға болады? (ыдыстар)
Орыс тілінде атаны қалай атайды? (дедушка)
6- шы сайыскерге сұрақ.
Қазақстан Республикасының рәміздерін аташы? (Ту, Елтаңба, Әнұран)
Бағдаршамда қанша көз бар? (үш)
Қол орыс тілінде қалай аталады? (рука)
Байқауға қатысушы қыздар сұрақтарға жауап береді.
Әділқазылардың бағасы дайын болғанша ортамызға өнерпаз жігіттерімізді шақырамыз.
Бүгін бәрі ерекше,
Бишілерде өнер көп.
Орыс биін билейді
Ортамызға ұлдар кеп.
Көрермендермен ойын: Мереке, ана, балабақша сөздерін қосып тілек айту.
Жүргізуші:
Көйлек киіп әдемі,
Тамсандырам елімді.
Түрлі-түсті сән көйлек,
Көз тартады не керек- демекші, келесі кезекте «Сұлулықтың сыры» тақырыбындағы сән үлгісін тамашалаңыздар.
«Көктем –жаз 2014» арналған киім үлгілерін көрсетеді.
Алдарыңызда балдырған тобының орындауында «Айналайын, ана» әнін тыңдаңыздар!
Келесі сөз кезегі әділ-қазылар алқасына сөз беріледі . Сайысқа қатысқан аруларға:
«Өнерлі қыз», «Мың бұралған биші», «Әдемі қыз», «Ақылды қыз», «Сүйкімді қыз», «Бас жүлдеге иегер ару» атты номинациялары бойынша жүлделер берілді.
Жүргізуші:
Аналар, қалқып бақыт аралында
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен ертеңгілігімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріміздің қадамымызға, - дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтайық!
Ардақты аналар, апалар, мейрамдарыңыз құтты болсын!

8 – НАУРЫЗ. КӨКТЕМ АРУЫ

$
0
0

8 – наурыз. Көктем аруы
Ақтөбе, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы
Ембі қалалық №3 орта мектеп
Тәрбиеші
Урынбаева Жанар Куандыковна


Ақ жаулықты әжелер, асыл да аяулы аналар!
8 – наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ақ жаулықты әжелер, асыл да аяулы аналар! Ару апайлар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8 – наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгін біздің бақшада дүбірлі той,
Ден қойып, тыңдаңыздар көңілді қой.
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіздер, халайық сергісін бой.
Құрметті қонақтар, «Көктем аруы» атты байқауға қош келдіңіздер!
Аруларымызды ортаға шақырмас бұрын, әділқазылар алқасын тағайындайық. Әділқазылар арулардың сұраққа жауабы, тапсырманы орындауы киім үлгілері, өнеріне жеке-жеке баға беріп отырады. Ендеше аруларымызды ортаға шақырайық.
Тәрбиеші:
Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық.
Өнер сүйер қауым бүгінгі байқауымыз 4 турдан тұрады.
1. «Сәлем-сөздің анасы» (өзін –өзі таныстыру)
2. «Өнерлі өрге жүзер» (өз өнерін көрсету)
3. «Жүйрік болсаң тауып көр» (сұрақ жауап)
4. «Сұлулықтың сыры» (сән үлгісі)
Жүргізуші: Әдеппенен, ізетпенен, танысуға, тайсалмастан сахнаға қыздар шықты. Олай болса, өзін-өзі таныстыру сайысын бастаймыз.
Тәрбиеші:
8 наурыз күнін
Мейрамдайды аналар
Аналардың шаттығын
Құттықтайды балалар.
Мейіржан:
Құтты болсын ардақты анам
Асыл анам мерекең
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты мерекең
Санжар:
Мұрат, мүлде, мақсатым
Жақсы күн мен жақсы түн
Нағыз бақыт ананың
Ақтау дер ем ақ сүтін
Данияр:
Теңдесі жоқ данасың
Арқа сүйер панасың
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым
Али:
Менің әжем,бұл әже
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әже
Мұхамет:
Баланың да тірегі
Даланың да тірегі
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі
Данил:
Бәріңізде анасың
Біз үшін күн боп жансың
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым
Әділқазылардың бағасынан кейін байқаудың «Өнерлі өрге жүзер» бөлімі бойынша аруларымыз өз өнерлерін ортаға салады.
Тәрбиеші: Ал сайыскерлер сұраққа қалайсыздар, қазіргі заманғы ару заман талабына сай өте білімді болуы керек. Сондықтан байқауымыздың келесі бөлімі «Жүйрік болсаң тауып көр» деп аталады.
1-ші сайыскерге сұрақ.
Біздің елордамыз қалай аталады? (Астана қаласы)
Бір аптада неше күн бар? (жеті күн бар)
Орыс тілінде әжені қалай атайды? (бабушка)
2-ші сайыскерге сұрақ?
Адамда қанша көз бар? (екі көз бар)
Қыс, жаз, күз, көктемді бір сөзбен қалай айтуға болады? (жыл мезгілдері)
Орыс тілінде нан қалай аталады? (хлеп)
3-ші сайыскерге сұрақ.
Қазақстан республикасының президентін ата? (Н.Ә. Назарбаев)
Аспанда қанша күн бар? (1)
Көктем орыс тілінде қалай аталады? (весна)
4-ші сайыскерге сұрақ.
Біздің отанымыз қалай аталады? (Қазақстан)
Қызанақ, кияр, картоп жеміс пе әлде көкөніс пе? (көкөністер)
Құстар орыс тілінде қалай аталады? (птицы)
5- ші сайыскерге сұрақ.
Кемпірқосақта қанша түс бар? (жеті түс бар)
Кесе, табақ, шәйнек, қазанды бір сөзбен қалай атауға болады? (ыдыстар)
Орыс тілінде атаны қалай атайды? (дедушка)
6- шы сайыскерге сұрақ.
Қазақстан Республикасының рәміздерін аташы? (Ту, Елтаңба, Әнұран)
Бағдаршамда қанша көз бар? (үш)
Қол орыс тілінде қалай аталады? (рука)
Байқауға қатысушы қыздар сұрақтарға жауап береді.
Әділқазылардың бағасы дайын болғанша ортамызға өнерпаз жігіттерімізді шақырамыз.
Бүгін бәрі ерекше,
Бишілерде өнер көп.
Орыс биін билейді
Ортамызға ұлдар кеп.
Көрермендермен ойын: Мереке, ана, балабақша сөздерін қосып тілек айту.
Жүргізуші:
Көйлек киіп әдемі,
Тамсандырам елімді.
Түрлі-түсті сән көйлек,
Көз тартады не керек- демекші, келесі кезекте «Сұлулықтың сыры» тақырыбындағы сән үлгісін тамашалаңыздар.
«Көктем –жаз 2014» арналған киім үлгілерін көрсетеді.
Алдарыңызда балдырған тобының орындауында «Айналайын, ана» әнін тыңдаңыздар!
Келесі сөз кезегі әділ-қазылар алқасына сөз беріледі . Сайысқа қатысқан аруларға:
«Өнерлі қыз», «Мың бұралған биші», «Әдемі қыз», «Ақылды қыз», «Сүйкімді қыз», «Бас жүлдеге иегер ару» атты номинациялары бойынша жүлделер берілді.
Жүргізуші:
Аналар, қалқып бақыт аралында
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен ертеңгілігімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріміздің қадамымызға, - дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтайық!
Ардақты аналар, апалар, мейрамдарыңыз құтты болсын!


8 – наурыз. Көктем аруы

 

Viewing all 224 articles
Browse latest View live